"Таран аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 31 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 6483 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 89 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2017 № 89 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Таран аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Ибрашев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

  Мәслихаттың
2016 жылғы 16 мамырдағы
№ 31 шешімімен
бекітілген

"Таран аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау Әдiстемесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Таран аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Таран аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау бағаланатын кезінде оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;

      3) айналмалы бағалаудан құралады.

      6. Аудандық мәслихаттың хатшысымен бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрылады, ұйымдастыру жұмысы бөлімі оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі Комиссия отырысы егер оған оның құрамының кемінде ұштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

      Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның хатшысы болып ұйымдастыру жұмысы бөлімінің қызметшісі табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:

      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.

      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.

      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана ұйымдастыру жұмысы бөліміне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Ұйымдастыру жұмысы бөлімі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

      Ұйымдастыру жұмысы бөлімі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстын көлемі мен күрделігін қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Орындау тәртібін бұзуға:

      1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;

      2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      3) қызметшілердін қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде ұйымдастыру жұмысы бөлімі, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2 балл" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы ұйымдастыру жұмысы бөлімі және әдеп жөніндегі уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы "Б" қызметшісімен расталады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29.Айналмалы бағалау:

      1) тікелей басшыны;

      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;

      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.

      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадрлық жұмыс бөлімі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде ұйымдастыру жұмысы бөліміне жіберіледі.

      33. Ұйымдастыру жұмысы бөлімі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.

      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

     


       

– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      80 баллдан төмен-"қанағаттанарлықсыз",

      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық",

      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) - "тиімді",

      130 баллдан астам – "өте жақсы"

      37. Кадрлық жұмыс бөлімі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша ұйымдастыру жұмысы бөлімімен комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     


     

– жылдық баға;

     

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл;

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл;

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл;

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;


      – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

     

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).

      38. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";

      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық";

      4 баллдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";

      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Ұйымдастыру жұмысы бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Ұйымдастыру жұмысы бөлімі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);

      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын.

      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      бағалау нәтижелерін бекітеді;

      бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

      1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

      Ұйымдастыру жұмысы бөлімімен "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе;

      41. Ұйымдастыру жұмысы бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру жұмысы бөлімінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадрлық жұмыс бөлімінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

      10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.

      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Таран аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
Әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
жеке жұмыс жоспары

      жыл _____________________________

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________

      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ___________________________________________________________

№ р/с

Шаралардың аталуы*

Іс-шараның нәтижесі

1

Іс-шара


2

Іс-шара


3

Іс-шара


4


      Ескертпе:

      *шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Іс-шаралардың санымен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс

Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_________
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______________
күні ____________________________
қолы ________________________


  "Таран аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
Әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ____________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеле
нетін көрсеткіштермен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштермен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәлімет тер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1








2








3








Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



Қызметші
Т.А.Ә.(болған жағдайда)_______
күні__________________________
қолы __________________________

Тікелей басшы
Т.А.Ә.(болған жағдайда)________
күні_________________
қолы_________________



  "Таран аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
Әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _________________________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ____________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Аталуы

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

Іс-шара

2-ден 5- ке дейін




2

Іс-шара

2-ден 5- ке дейін




3

Іс-шара

2-ден 5- ке дейін




4





 
Қызметші
Т.А.Ә.(болғанжағдайда)_______
күні__________________________
қолы __________________________

Тікелей басшы
Т.А.Ә.(болғанжағдайда)________
күні_________________
қолы_________________


  "Таран аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
Әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері

      __________________________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ____________________________________________________________________

№ р/с

Құзіреттін аталуы

Маңызы

Баға (балл)

Тікелей басшы

1.

Бастамашылығы

2-ден 5 –ке дейін


2.

Әрекеттестік кеикемділігі

2-ден 5- ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 –ке дейін



БАРЛЫҒЫ:



Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5- ке дейін


2.

Жұмысқа негіздей білу

2-ден 5- ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5- ке дейін



БАРЛЫҒЫ:



Әріптесі

1.

Топта жұмысіс тейбілу

2-ден 5- ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5- ке дейін



БАРЛЫҒЫ:



  "Таран аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесі
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
Әдістемесіне
5-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең

      (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелерін Комиссиямен түзету (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...





      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады