"Красносельск селолық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Красносельск селолық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Красносельск селолық округі әкімінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қазанда № 6644 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 болып тіркелген) сәйкес Таран ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. "Красносельск селолық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Красносельский селолық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Красносельск селолық округі әкімінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-118 тіркелген, 2010 жылы 24 маусымда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, шешімнің мемлекеттік тілдегі барлық мәтіні бойынша:
      "Красносельск селосының", "Щербин селосының", "Журавлев селосының", "Аят селосының" деген сөздер тиісінше "Красносельское ауылының", "Щербин ауылының", "Журавлев ауылының", "Әйет ауылының" деген сөздерге ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген шешімнің атауы мына редакцияда жазылсын:
      "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Красносельский селолық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы";
      1-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Красносельский селолық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-118 тіркелген, 2009 жылы 15 қазанда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкімнің м.а. Д. Оразақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады