Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 15 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 маусымда № 6450 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3-ші кезекті сессиясының төрайымы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
А. Бараншина

      "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      __________________У. Наурызбаева
      2016 жылғы "20" мамыр
      "Ұзынкөл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің басшысының
      міндетін атқарушысы
      ____________________Г. Бобрешова
      2016 жылғы "20" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады