Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 04.06.2018 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386–бабы 5–тармағына, 444–бабы 1–тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және базалық жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы" Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 299 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5610 тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3-ші кезекті сессиясының төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Бараншина |
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ А. Ещанов
2016 жылғы 20 мамыр
"Ұзынкөл ауданың жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________ Р.Абдугалие
2016 жылғы 20 мамыр