"Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 32 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 маусымда № 6428 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 105 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 21.02.2017 № 105 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Федоров аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

  Мәслихаттың
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 32 шешімімен бекітілген

"Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 тіркелген) сәйкес әзірленді және "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусы қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кешіктірмей өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау бағаланатын кезеңде атқаратын лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес ол бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар Федоров аудандық мәслихатының хатшысымен "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімі оның жұмыс органы болып табылады.
      7. Комиссия отырысы егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
      Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссия құру туралы өкімге өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссияның хатшысы болып "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің кадрлық іс жүргізуге жауапты қызметшісі табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жеке жұмыс жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) жетуге бағытталған, ол (олар) болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.
      "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысты, нақты аяқтау нысанына ие, қолжетімді, іске асатын іс-шаралар көрсетіледі.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік орган бойынша салыстыру арқылы анықталады.
      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана ұйымдастыру бөліміне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Ұйымдастыру бөлімі комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.
      Ұйымдастыру бөлімі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау базалық, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Базалық балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органмен өз ерекшелігіне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігін қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша бөлінеді. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органдардың Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5"-ке дейін баллға иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындаушылық тәртіптің бұзылуына:
      1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібінің бұзылуына:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмау;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзу жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде ұйымдастыру бөлімі, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
      22. Әр орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" балл мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзған фактілері туралы ұйымдастыру бөлімі берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырады, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру бөлімінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

5. Жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырады, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру бөлімінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) тікелей басшының;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштылардың;
      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғалардың (олар болған жағдайда) бағалауы болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізбесі (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерінен және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай ұйымдастыру бөлімі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұйымдастыру бөліміне жіберіледі.
      33. Ұйымдастыру бөлімі айналмалы бағалаудың орташа мағынасын есептеуді жүзеге асырады.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
      


      мұндағы
      


      – тоқсандық баға;
      a – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шкала бойынша қойылады:
      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз"
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық"
      106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін – "тиімді"
      130 баллдан астам – "өте жақсы"
      37. Ұйымдастыру бөлімі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      


      мұндағы
      


      – жылдық баға;
      


      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мәні). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шкаланы есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл қосылады,
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      


      – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мәні);
      


      – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мәні).
      38. Жылдық қорытынды бағасы мынадай шкала бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3-тен 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық";
      4-тен 5 баллға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Ұйымдастыру бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Ұйымдастыру бөлімі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      бағалау нәтижелерін бекіту;
      бағалау нәтижелерін қайта қарау.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер "Б" корпусы қызметшісі қызметінің тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс нәтижелеріне құжаттамалық растау беріледі;
      2) ұйымдастыру бөлімі "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберген жағдайда.
      41. Ұйымдастыру бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусы қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру бөлімі еркін нысанда танысудан бас тарту туралы актісін құрайды.
      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы ұйымдастыру бөлімінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендету туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусынің қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Федоров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      ______________________________жыл
      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):
      ____________________________________________________________________
      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________
      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      __________________________________________________________________

№ р/с

Іс-шаралардың атауы*

Іс-шараның нәтижесі

1.

Іс-шара

2.

Іс-шара

3.

Іс-шара

4.


      Ескертпе:
      * - іс-шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ал ол (олар) болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне жету бағытын есепке ала отырып анықталады. Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс.
      Қызметші Тікелей басшысы
      _________________________________ ___________________________
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
      күні______________________________ күні___________________
      қолы_____________________________ қолы______________________

  "Федоров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл
      (бағаланатын кезең)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
      _________________________________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      __________________________________________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшысының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындаушылық тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау-шылық тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1

2

3

Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:

      Қызметші Тікелей басшысы
      _________________________________ ___________________________
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
      күні______________________________ күні___________________
      қолы_____________________________ қолы______________________

  "Федоров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      ________________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ____________________
      __________________________________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      __________________________________________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Атауы

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшысының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

Іс-шара

2-ден 5-ке дейін

2

Іс-шара

2-ден 5-ке дейін

3

Іс-шара

2-ден 5-ке дейін

4


      Қызметші Тікелей басшысы
      _________________________________ ___________________________
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
      күні______________________________ күні___________________
      қолы_____________________________ қолы______________________

  "Федоров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері

      __________________________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ____________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      __________________________________________________________________

№ р/с

Құзыреттің атауы

Маңызы

Баға (ұпай)

Тікелей басшысы

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін

2.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін

3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

БАРЛЫҒЫ:

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай білуі

2-ден 5-ке дейін

2.

Жұмысқа негіздей білуі

2-ден 5-ке дейін

3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

БАРЛЫҒЫ:

Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей білуі

2-ден 5-ке дейін

2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

БАРЛЫҒЫ:

  "Федоров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
5-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)
      ____________________________________________________________
      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең
      (тоқсан және (немесе) жыл)
      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

Комиссиямен бағалау нәтижелерін түзетуі (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.

2.

...

      Комиссия қорытындысы:
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы: _______________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады