Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 159 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 маусымда № 6512 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 29.08.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруын қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектер үшiн жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгiленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады