Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 34/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 наурызда № 4945 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысының әкімдігінің 03.12.2020 № 258/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Регион.kz" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулыда, көрсетілген қаулымен бекітілген "Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру" сөздері "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" сөздерімен ауыстырылсын, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен, "Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің бүкіл мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ХҚО) филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО" сөзі "Мемлекеттік корпорация" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-ға" сөзі "Мемлекеттік корпорацияға" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-да" сөзі "Мемлекеттік корпорацияда" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-ның" сөзі "Мемлекеттік корпорацияның" сөздерімен ауыстырылсын, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын;

      регламенттің 9-тармағындағы "20" сандары "15" сандарымен ауыстырылсын, "жиырма" сөзі "он бес" сөздерімен ауыстырылсын;

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің барлық мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ХҚО) филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО" сөзі "Мемлекеттік корпорация" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-ға" сөзі "Мемлекеттік корпорацияға" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-да" сөзі "Мемлекеттік корпорацияда" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-ның" сөзі "Мемлекеттік корпорацияның" сөздерімен ауыстырылсын, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын;

      регламенттің 9-тармағындағы "20" сандары "15" сандарымен ауыстырылсын, "жиырма" сөзі "он бес" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады