Павлодар облысы әкімдігінің туризм және спорт саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда № 7072 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің туризм және спорт саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 3 желтоқсаны
№ 258/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің туризм және спорт
саласындағы күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 237/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4702 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 290/10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4798 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 11/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4931 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 237/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 23/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 наурызда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      6. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 34/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің туризм саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 115/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 297/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5262 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      9. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 322/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5673 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 138/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 84/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6288 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады