Елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 20/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 наурызда № 4981 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 13-бабы 1-1-тармағы 6-8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.
      2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен бекітілген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "1" ақпандағы
№ 20/1 қаулысымен
  бекітілді

Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы,
орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын
жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау (бұдан әрі – сыныптау) елді мекендердің көшелерін (бұдан әрі – көшелер) және олардағы құрылыстарды күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.
      1.1. Елді мекендер көшелерінің жол жұмыстары келесі топтарға сыныпталады:
      1) жол құрылыстарын және көшелерді пайдалануды басқару;
      2) қысқы күтіп ұстауды қоса алғанда, күтіп ұстау және жасыл желектерді күту;
      3) жол шаруашылығы объектілерінің (бұдан әрі – ЖШО) жол белгілерін қоса алғанда, көше-жол желісінің ЖШО-ны ағымдағы жөндеу және апатты жөндеу;
      4) орташа және күрделі жөндеу.

2. Жол құрылыстарын және көшелерді
пайдалануды басқару

      2.1. Жол құрылыстарын және көшелерді пайдалануды басқару келесі жұмыс түрлерінен тұрады:
      1) көшелер мен жол құрылыстары ЖШО-ның жай-күйіне мониторинг жүргізу және ЖШО-ны техникалық есепке алу;
      2) көше-жол желісінің көліктік-пайдалану жай-күйіне аспаптық диагностикалау жүргізу және алынған нәтижелерді талдау;
      3) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу, жол-жөндеу жұмыстарын, оларды жүргізу мерзімін жоспарлау, қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
      4) көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) қала көшелерінің және жол құрылыстарының бүтіндігін қамтамасыз ету және олардың уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;
      6) көшелерді күтіп ұстау мен жөндеудің нормативтік базасын жетілдіру және өзектеу;
      7) жол құрылыстарын және көшелерді пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау.

3. Жол құрылыстарын және көшелерді күтіп ұстау

      3.1. Көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдегі көшелер ЖШО-ның элементін құрылымдық және конструктивті күтіп ұстау кезінде келесі жұмыстарды орындайды:
      1) жер жамылғысымен су өткізу жүйесі бойынша:
      су өткізгіш жыраларды, жол бойындағы арықтардың су ағысы желілерін көктемде қардан, ал жазда қоқысты шығару арқылы жиналған қоқыс пен балшықтан тазалау;
      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;
      жиектерді, бөлгіш жолақтарды жоспарлау, шөптермен себу;
      шабу және шабылған шөптерді жинау;
      шабылған материалдарды жинау арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;
      материалдар қоспастан жиектерді, бөлгіш жолақтарды, себу бермдерін жоспарлау;
      2) жиектер, қорлар және бөлінген белдеулер бойынша:
      су ағысын қамтамасыз ету үшін жоспарлау;
      жиектерді шаң мен балшықтан тазалау;
      бөлу жолағын, жиектерді, гүлзарлар мен жол жақтауларын ретке келтіріп және тазалықта жүйелі түрде күтіп ұстау; қоқыстан және жат заттардан тазалау, оларды қоқыс алаңына тиеу және шығару;
      өсімдіктерді күту, шабылған материалдарды жинау арқылы ауруға шалдыққан және қурап қалған өсімдіктерді жоспарлы шабу және тамырымен жылу;
      шабылған материалдарды жинау арқылы жол-қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін, жабайы өсетін жас бұталармен, бұталы-ағашты және шөптік өсімдіктермен күресу;
      екпе ағаштардың өсуі мен дамуына әсер ететін зиянкес жәндіктермен (соның ішінде химиялық өңдеу) күресу;
      қорда, бөлінген бөлдеулерде шөп шабу, шабылған шөпті жинастыру және қоқыс алаңына шығару;
      3) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      топырақты-құмды үйіндіні кетірумен көшенің жүргінші бөлігінің науасын тегістеу және жабын сыпыру;
      белағаш және резервті алқабын сыпыру;
      жол жабынын қоқыстан тазарту, батпақтан жуу, соның ішінде ЖШО-ның жүргінші бөлігін белсенді-үстіртті құнарлы заты бар құнарландырылған жуғыш құралдар қолданысымен жуу;
      жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру;
      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
      4) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;
      топырақты-құмды үйіндіні кетірумен көшенің жүргінші бөлігінің науасын тегістеу және жабын сыпыру;
      белағаш және резервті алқабын сыпыру;
      жол жабынын қоқыстан тазарту, батпақтан жуу;
      жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру;
      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
      5) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      төсемді балшықтан тазалау;
      жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру және бапталған қаптамаларды сыпыру;
      қаптаманы кескіндеу және нығыздау;
      төсемдерге тас үгінділері мен иленділерін үю, катундарды жинау;
      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
      6) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:
      жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру;
      пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;
      тегістеу;
      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
      7) жаяужол және алаң бойынша: сыпыру, басқа қоқысты жинау, жуу және сумен шаңсыздандыру;
      8) уақытша көлік құралдары тұрағы бойынша, өтпелі кіреберіс жолда, құмды және жақсартылған құмды жабын:
      басқа қоқыстарды жинау, сумен шаңсыздандыру;
      жаңа материалдар қолданбастан кескіндеу;
      тегістеу;
      9) беткі субұрғыш жүйесі, жол бойындағы арқалық жүйе және жол бойындағы канал жүргізу бойынша:
      құмды-топырақ үйіндісі және қоқыс үйіндісінен тазарту:
      субұрыш жүйесін жұмыс істеу қалыпта жүйелі сүйемелдеу, субұрғыш арықтар және кюветті қалыпқа келтіру және тазарту, бекіністерінің ұсақ ақауларын жою, нөсерлі канал жүргізудің зақымдалғанын қалыпқа келтіру және тазарту, сусүңгіш жабдық;
      жабайы өсетін жас бұтақты кесу;
      10) жағалау және ішкі алаң көшелері, бульварлар, гүл бақтар, саябақтардың алаңдары және жолдары, тротуарлары бойынша:
      жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және басқа да объектілерді шаң мен қоқыстан тазалау;
      кіреберістерді, тротуарлар мен алаңдарды суландыру;
      кішігірім сәулетті формаларды (қоршауларды, орындықтарды және жол құрылысы объектілерін) жуғыш құралдарды қолданумен тұрақты жуу және тазалау:
      11) техникалық құралдар және қауіпсіздік нысандары бойынша жол қозғалысын реттеу және ұйымдастыру (бұдан әрі – ЖҚҰ ТҚ) және көшелерді орналастыру:
      жаяу жүргіншілер жолын және олардың орналасу элементтерін тәртіпте және тазалықта ұстау;
      қоршауды және сигнал бағанасын, жол белгілерін, сілтеу ақпараттарын, қалқандар, билбордтар, бекітпелерін тарту, қалқандарын түзету, жуу, шаңнан және балшықтан тазарту, ұдайы қарау;
      шудан қорғау экранын жуудан, шаңнан, қоқыс және балқшықтан тазарту;
      автобус аялдамаларын, демалыс алаңдарды, автопавильондарды мерзімдік қарау, шаңнан, қоқыс және балқшықтан тазарту, тазалау, сауыттты жуу және дезинфекциялау;
      жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау;
      күтіп ұстау, ЖҚҰ ТҚ қозғалысын ұйымдастыру бойынша құралдарының күтімін және жөнделуін (жарықтандыру, радио байланысы, интеллектуалды көлік жүйесі (әрі қарай – ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау, сондай-ақ қолданыстан шығып калған шам және шырақтарды соның ішінде ЖКО, ЖҚҰ ТҚ элементтерін жарату және шығарып тастау;
      кабельдерді, өткізгіштер, шам және шырақтардың трансформаторлар және басқа электрмен жарықтандырулардың қатардан шыққанын алмастыру және пайдаға асыру, трансформаторлы техникалық қызмет көрсету;
      12) инженерлік жолдар жасанды құрылыстар бойынша:
      деңгей айырмасына, қатты ағындарға, құбырлар мен көпірлерге әкелетін және бұратын арықтардың кішігірім зақымдануларын жою, ұсақ зақымдалған, қоқыс үйіндісінен және жат заттардан тазарту;
      табиғатта өсетін жас бұтақтарды кесу;
      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;
      қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;
      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;
      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;
      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;
      көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;
      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;
      тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;
      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;
      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;
      тіректердің бастарын және ферма астындағы алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
      конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;
      габиондық құрылысты тазалау және жинау;
      тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;
      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;
      көпір аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегі, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
      шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
      паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету; навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу.

4. Қысқы көшелерді ұстау

      Қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстарға мыналар жатады:
      1) көшелерді қысқы жинау, соның ішінде:
      бірінші кезектегі операциялар:
      көшенің жүргіншілер бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен жаппай жөндеу (сеуіп шығу);
      көшенің жүргіншілер бөлігінде және басқа ЖШО-ның нұсқаулық элементтері қарды жеңілдетілген сыпыру және "себу – сыпыру" режімінде қар толқынында жүргіншілер бөлігіндегі қарды күреу;
      қар массаларын уақытша қаттап тастау және келесідей шығарулар үшін қыруар қардан тазартылатын жол бөліктері, жол өткелдері, тротуарлар және ЖШО-ның басқа нұсқаулық элементтері, тазартылатын жүргіншілер жолымен және тротуардан тазартылатын қар қозғалысының бөлігін, көшелер және жол өткерлерінің жүргіншілер бөлігін жағалай қар толқынын қалыптастыру;
      келесідей шығаруымен жиекке, ылдиға және жол алқабына қарды жылжыту;
      бір деңгейде (қиылысқа) көшелердің қиылысына және теміржол және трамвай жол өткелдерінің жанасу, қалалық жолаушылар көлігі аялдамасында, әкімшілік және қоғамдық ғимараттар кіреберістерінде, аулаларда және кварталішілік жолдар алдын, жаяу жүргіншілер жолында, тротуарларда қар толқынын (қар толқынының қозғалысы) жаруды жайластыру;
      келесідей шығарулармен жол алқабының жол жүру бөлігінде жиналған қарды уақытша қаттап тастау;
      саябақта, орман-бақта, бау-бақшада, гүлбағында, бульварларда және жасыл көшеттерді сақтау және судың жылыстауын қамтамасыз ету жағдайында бұл алаңдардың мақсаты үшін ерте дайындалған ұсталмайтын химиялық реагенттер, басқа да жасыл аймақтардағы қарды жүргіншілер жолынан жинау кезінде жиналған қарды уақытша қаттап тастау;
      бірінші кезекте (іріктелген) қалалық жолаушылар көлігі аялдамасынан, жер үсті жаяу жүргіншілер, көпірден және жол өтпесінен қарды шығару;
      екінші кезектегі операциялар:
      ЖШО-ның нұсқаулық элементтерімен қыруар қарды шығарумен қар толқындарын кетіру;
      жүк тиегішке жүктеу алдында, не ерікті алаңға аудару алдында тротуар ернеуінен автогрейдермен қар толқындарын өңдеу;
      қарды кетіруден кейін жүргіншілер жолындағы жолды тазалау;
      жүргіншілер бөлігінде және тротуарларда жиналған мұзды-қарды кетіру және мұзды жару;
      көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЖҚҰ ТҚ және ЖШО-ның нұсқаулық элементтерімен жинақталған қардан және мұздан тазарту;
      арнайы дайындалған алаңға анықталған тапсырыс берушімен және кезектілікке сәйкес бірінші кезектегі шығаруды аяқтау бойынша қарды түпкілікті (жаппай) шығару жүргізіледі;
      ЖШО-дан (қоғамдық көлік аялдамасынан, жаяу жүргіншілер жолына, көпірден, жол өтпесінен, эстакад, үңгіжолдан; тұрғындардың көп жиналатын орындарында және әлеуметтік маңызды объектілерде қарқанда қозғалысы) іріктеп қарды шығару;
      қыруар қарды жаппай шығару;
      2) компоненттерді даярлауды, сұйық және қатты реагенттерді дайындау, мұзға қарсы материалдарды қаттап тастау және бұдан әрі онымен жол жабуды өңдеу, жеткізу;
      3) фрикционды, химиялық және басқа да мұзға қарсы материалдармен жол жүру бөлігін өңдеу, кейіннен талап етілген уақыт арқылы оларды жинау;
      4) бөлгіш жолағы бар магистральдардың екі метрлік науа жанындағы жол жүру бөлігін сыпыру басталатын аймақтарын борттық тасқа дейін мұз бен қардан ұдайы тазарту;
      5) борттық тасқа дейін науааралық трассалық резервтер жағынан қала көшелері жүргінші жол аймағын мұз бен қардан ұдайы тазарту;
      6) бөлетін жолақтардан, тротуарлар, тоқтау қалталарынан және тоқтау павильондардан және жер үсті жолаушы көлігінің отырғызу алаңдарынан, жаяу жүру жолдарынан қар мен мұздан, қар жауу және мұзды кезеңіндей содан кейін де ұдайы тазалау;
      7) бөлгіш бетон қабырғаларынан, металлды қисық сызықты қырлы бөренеден, тосқаулы қоршаулар, жол белгілері және сілтемелерден қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін мұздан, қардан ұдайы тазалау;
      8) жер бетіндегі және жер астындағы жүргінші жолдарын, көпір құрылысының саты жиылысын қар мен мұздан тазалау;
      9) бақша дивандарынан, сауыт және басқа ЖШО элементтерін жүргінші жолдарды қар мен мұздан; сонымен қатар арасындағы кеңдік, қапталдық және келісімен тазарту;
      10) қар көшкініне қарсы іс-шаралар жүргізу;
      11) табиғи сулы негіз мұзымен күрес;
      12) инженер жүйелеріндегі апат нәтижесінде пайда болған тротуардағы және жүргінші жол бөлігіндегі мұзды жою, опырылған мұзды бөлек орындарға шығару;
      13) жол техникасы тұрағын және жылытатын пунктерін жылумен қамтамасыз ету;
      14) тайғанақ жабынды жерлеріне қысқа мерзімде әрекет ететін жол белгілерін орнату;
      15) механизатор және жол техникасын тәуліктік кезекшілік ететін ұйымдастыру (соқалы-қылқанды қар тазалағыш, қатты регенттердің машина-таратушысы);
      16) дауылды ескерту кезінде, ауа райының шиеленісті жағдайында, соның ішінде, демалыс және мейрам күндері;
      17) жекелеген жағдайларда қоршаулар және жетіспеген белгілерді орнату; зақымдалғанды түзету, қоршаулар мен жол белгілерінің толық қалқандарын жол қозғалысын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында ауыстыру;
      18) көлік пен жүргіншілердің жүріп өтуіне кедергі келтірмейтін орындарға үю арқылы тротуарларды және жаяу жүргінші аула жолдары мен аумақтарын қысқы жинау және асфальтқа дейін қар мен мұздан тазарту, мұздануға қарсы материалдармен себу;
      19) аулаішілік көшелерді қысқы жинау (қысқы күтіп ұстау), соның ішінде:
      жаңа түскен қарды сыпыру;
      2 см жоғары қалыңдықтағы жаңа қарды итеру;
      мұзға қарсы материалдармен өңдеу;
      мұздан және қызылсу мұздан тазарту;
      қарды және мұзды қар қоқысына шығару;
      қарсыз күнде сыпыру;
      контейнерлік алаңды жинау;
      қоқыстан сауытты тазалау және оны дезинфекциялау.

5. Жасыл желектерді күту

      5.1. Жасыл желектерді күтуге келесі жұмыстар жатады:
      1) топырақ күтімі (тракторлы культивациялау, қатарлардағы топырақтарды қопсыту, арамшөппен хамиялық күрес);
      2 ) өртке қарсы жырту;
      3) аумақты тазартумен құлап түскен ағаштарды кесу, қурап қалған екпе ағаштарға санитарлық және профилактикалық қыршу және шабу жүргізу, электр өткізгіштердің қорғау аймағында (1 м радиуста), сонымен қатар үйлердің нөмірлік белгісін және көше сілтеуіштерін жауып тұратын бұтақтарды кесу, ұйымдастырылған қоқысқа кесілгендерді және түбіртектерді шығару;
      4) саябақтардағы, бульварлардағы, көшелер және аула территорясындағы жоғары санитарлық талапарды қажет ететін жеке учаскелердегі ағаштардың діңгектерін ақтау және бояу;
      5) көше көшеттерінің ауруларымен және зиянкескіштерімен химиялық және механикалық күрес;
      6) күту және суару.
      5.2. Гүл алаңын, гүл бағын, жол бойындағы гүлзарларды және сәндік гүл екпелерін күтіміне келесі жұмыстар жатады:
      1) отырғызуға топырақ дайындау, соның ішінде гүл өсіретін алаңды жасау;
      2) тұқым дайындау және көшет өсіру;
      3) топырақты тыңайту, отырғызу, суару;
      4) шөптеу, арамшөптерді жинастыру және шығару;
      5) бір жылдық өсімдіктердің векетация мерзімі бітуінен кейін ұйымдастырылған қоқысқа жинастыру және шығару;
      6) жол бойындағы гүлді қыш құмыраға топырақты әкелу және отырғызу, оны жаңасына ауыстыру;
      7) суару, топырақты тыңайту, гүлзарларды шабу, жинастыру және шабылған шөпті қоқысқа шығару.

6. Көше-жол жүйесінің ЖШО-ны ағымдағы жөндеу

      6.1. Көше-жол жүйелерінің көшелерін және жол имараттарын ағымдағы жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:
      1) жердің төсемі және су бұрғыш бойынша:
      жер төсемі, су бұрғыш, қорлардың, қорғаныш, бекітетін және реттеу имараттарының бөлек шағын бұзылған жерлерін түзеу;
      жолдың жиегін себу, кесу және тегістеу көлік түрлерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себумен, бөлек учаскелерде 1 шақырымға 100 куб метрге дейін көлеммен;
      материалдарды қосумен себелейтін бермді тегістеу;
      2) жол киімі бойынша, сонымен бірге:
      2-1) асфальтобетондық жабындар бойынша:
      ұсақ деформациялар мен бұзылуларды жою (шөгілерді, шұңқырларды бітеу), кемерлілігі, жалғыз кішігірім ісініулердің ауданы 1 м2 дейін, жабындардағы жарықтарды құю, жол жабындарының шұңқырлы жөндеуі, көліктерден қалған ойлы іздерді жою;
      асфальтобетондық және цементбетондық жабындарын сырлау және қабыршақтану учаскелерінде эмульсиондық-минералдық қоспалардан қорғаныш қабаттарын орналастыру;
      тереңдігі 30 мм дейінгі көліктерден қалған ойлы іздерді екі қабат эмульсиондық-минералдық қоспаны құю жолымен жабу немесе ені 0,8 м дейінгі жүрілген төсем бойынша беткі өңдеумен;
      ойықтар бойынша бұдырлықтарды және шығып тұрған жоталарды бірен-саран қыру немесе кесу ойықтарды қара қиыршықтаспен немесе асфальтобетонмен толтырумен және жабынның барлық ені бойынша эмульсиондық-минералдық қоспадан қорғаныш қабатын орналастыру;
      локальдық картамен беткі өңдеудің ұсақ түйіршікті оқшаулағыш қабатын орналастырумен жарықтар торын және жарықтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату;
      асфальтобетондық жабындардың беткі тозған қабаттарын қалпына келтіру және оларды қашықтығы бойынша үлкен емес (20 м дейін) жеке жолдың учаскелеріне төсеу;
      қиыршықтасты немесе ірі құмдарды қосумен қиыршықтасты және ірі құмды жабындардың кескінін түзеу;
      топырақтық және жақсартылған топырақтық жолдарды кескіндеу, кескіндерді қалпына келтіру және олардың қозғалыс бөлігін қиыршықтаспен, ірі құммен, қожбен және 1000 м2-қа 15 м3 шығынға дейін басқа да материалдармен жақсарту;
      ісінетін және әлсіз топырақты жол учаскелерін күту, оларды уақытша қоршау, ауа шұңқырларын жабу және орналастыру, жер төсемінен және жол жабынының бетінен су бұрғыштықты қамтамасыз ету;
      алдын ала қырумен және тозғанды бөлшектеп жаңа қабатты қалаумен жаяужолдардағы жабынның шұңқырлы жөндеуі;
      асфальтобетондық жабынның шұңқырлық жөндеуінің құрамына көшенің 1 қума шақырымына 100 шаршы метрге дейінгі өлшеммен "карталармен" жөндеу кіреді, сонымен бірге:
      жол киімінің жоғарғы тозған қабатын қалпына келтіру талап етілетін тегістікті және бұдырлықты қамтамасыз етумен;
      жол жабынының шұңқырлы жөндеуі, жылжуға төзімді және тозбайтын асфальтобетоннан жаңа қабатты төсеумен міндетті түрде қозғалыстың бірнеше немесе бір жолағының енін немесе жабынының барлық енін фрезерлеумен жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстырумен жүріс бөлігінің бұдырлықтарын және ойықтарын жою.
      2-2) тұтасқұймалы цементбетонды жабындар бойынша:
      цементбетонды жабындардағы жіктерді толтыру және жөндеу;
      сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цементбетонды жабындар сегментінің жарықшақтарын және сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жарамайтын сегменттерді ауыстыру, цемент-бетонды жабындарды беткі бұзылулардан қорғау;
      2-3) құрамалы темірбетон жабындар бойынша:
      темірбетон жабындардағы жіктерді толтыру және жөндеу;
      жеке тақталарды түзету және көтеру, цементбетонды жабын тақталарының жарықшақтарын және сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жарамайтын қираған тақталарды ауыстыру, жабындарды беткі бұзылулардан қорғау;
      2-4) көпірлік жабындар бойынша:
      кеспеден және тақтайшалардан жасалған көпір жабындарын жөндеу, қажет жағдайда қираған кеспе тастарды және тақтайшаларды ауыстырумен;
      2-5) қиыршықтасты және ірі құмды жабындар бойынша: егулерді және ұсақ құмдарды шашу, өңделген битумдарды, жабынды қоса.
      2-6) ірі құмды және топырақты көшелер бойынша;
      1 шақырымға 100 текше метрге дейін жаңа материалдарды қосумен топырақтық және ірі құмдық көшелердің жеке учаскелерінде кескінін түзеу;
      көшелерді хлорлық қальциймен, битуммен және тағы да басқа материалдармен тозаңдатуды қамтамасыз ету;
      көшелердің ісінген учаскелерін күту;
      3) бұру жолағы бойынша:
      зақымдарды түзеу және шұңқырлардың және үймелердің еңісін тегістеу (керек жағдайда топырақты қосумен);
      себу, кесу, бекітілмеген жиектерді тығыздау және тегістеу; бекітілген жиектердегі зақымдарды және деформацияларды жою;
      4) жасанды инженерлік жол имараттары бойынша:
      кішігірім зақымдарды, имараттардың жеке элементтерін түзеу (тірек бөліктерін, таяныш, тосқауыл қоршаулардың, төсемдерді, тіректерді, құламаларды, албар тіректерін, дренаждық құрылғылар);
      көпірлердің металл элементтерін локальдық бояу;
      құрылымдардағы жарықтарды торкреттеу, қалауды, сылақты жөндеу, ішінара тойтармаларды ауыстыру;
       арық арқылы өтетін көперлердің өтпелерін және көшірулерін түзету және ауыстыру;
      паромдық өтулерді және айлақтық құрылғыларды, қалқыма көпірлердің кішігірім зақымдарын түзеу (тығындағыш, қаптаманы жөндеу, такелажды түзеу және осыған ұқсас);
      көпірдің жүріс бөлігіндегі жабындардың, жол өтпелерінің шұңқырлы жөндеуі, жабындардағы жарықтарды бітеу;
      ашылмаларға көшпелі тақталардың бірігу түйіндерін герметизациялау;
      деформациялық жіктердің шағын жөндеуі;
      деформациялық жіктердегі ағуларды бұрандаларды тартып жою;
      оларды алдын ала ескі мастикадан тазарту арқылы деформациялық жіктерді мастикамен құю;
      деформациялық жіктердегі сырғанайтын парақтарды дәнекерлеу (оларды жұлған жағдайда), жетпеген серіппелерді орнату;
      деформациялық жіктердің құрылымдарын және механизмдерін шағын жөндеу;
      жіктердің үстіндегі немесе деформациялық жіктер жанындағы жабындарды ауыстыру;
      жаяужолдардағы асфальтобетондық жабындардың шұңқырларын және жарықтарын құю;
      жаяужолдардағы цементбетондық жабындардың шұңқырларын және жарықтарын құю;
      перилдік қоршаудың бояғыш қабатын локальдық тазарту (бояу);
      қозғалыс бөлігінің ернеулік қоршауына тік белгілерді түсіру;
      автожолдардың үстіндегі жол өтпелерінің қасбеттік арқалықтарының астына тік белгілерді түсіру;
      автожолдардың үстіндегі жол өтпелерінің тіректеріне тік белгілерді түсіру;
      бекіту бетондық тақталарының арасындағы жіктерді цементтік ерітіндімен тілу;
      құбырлардың, ауыздардың, еңістік қанаттардың бөлек зақымданған звеноларын жөндеу және ауыстыру, кіріс және шығыс су арналарын бекіту және құбырлардың науаларын, шашылған тастарды қалпына келтіру;
      олардың звенолары және секциялары арасындағы жіктерді бітеу және тығындаумен құбырлардың гидрооқшаулауын түзеу;
      реттегіш имараттардың және үймелердегі локальдық шайылған жерлерді жою;
      бір мезгілде сол жерлерден суды шығарумен көпір қосылғандағы қазындыны үймемен үю;
      тіректердегі шайып кеткен құйғыштарды бітеу;
      элементтерді шіріктен тазарту, тайтайларды ауыстыру, ағаш көперлердегі төсемдерді;
      бөлек тойтармаларды ауыстыру, металл аралық құрылымның элементтеріндегі кішігірім деформацияларды түзету;
      5) көшелерді жайластыру және жабдықтары, қозғалысты ұйымдастыру объектілері, байланыс, жарықтандыру бойынша:
      қызметін атқарғанды жою, тозғанды қалпына келтіру және қайтадан тік және горизонталь белгілерді түсіру, сонымен берге, жолдық жасанды инженерлік имараттардың элементтерінде;
      зақымданған және сапалық ескіргендерді ауыстыру және түзеу, сондай-ақ жетпеген жол қоршауларын, жол белгілерін қайтадан орнату;
      көшелерді жайғастыру элементтерін және жабдықтарын бояу, сонымен ішінде: қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінің павильондарын, күркелерін, қоршауларды және басқа да қала көшелерін жайғастыру элементтерін ақтау және бояу;
      зақымдауларды жою және жаяужолдардың бағандарын және металл бағыттағыш жаяу жүргінші қоршауларын бояу; зақымдалған бағандар ауыстырылады, ал жоқтары қалпына келтіруге жатады;
      бірлі-жарым жағдайларда жетпейтін белгілерді, қоршауларды орнату, зақымдануларды түзеу, жол белгілерінің және қоршауларының қалқандарын ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, бағыт жабдықтарының элементтерін жаңғырту;
      жеке зақымдануларды, ақауларды түзеу, көркейтудің және шағын сәулеттік дайындаудың элементтерін бояу;
      тірек қабырғаларының қаптауларын жөндеу, соның ішінде стационарлық гүлбақшалардың, фонтандардың тірек қабырғаларын;
      орындықтарды, күркелерді бояу және тозған бөліктерін жөндеу;
      жарықтандыру, байланыс, қозғалысты ұйымдастыру объектілеріндегі ақауларды және жеке зақымдануларды түзеу, ИКЖ жабдықтарының және объектілерінің бұйымдары мен түйіндерін жоспарлы жөндеу және ауыстыру;
      жөндеу, соның ішінде ЖКО кейін: көшелік жарықтандырудың металл тіректерін, жарықтандырудың кабельдік желісін, жарықтандыратын арматураны бір уақытта сымдарды ауыстырумен және әуелік желілердің созылуларын, ағымдағы жылдың көлеміндегі көшелік жарықты басқарудың телемеханикалық және автоматты құралдары, төлқұжаттық деректерінің талаптарына сай, сонымен бірге тексеріспен және қалпына келтіруге, жөндеуге жарамайтын және зақымдалған түйіндерді және агрегаттарды ауыстырумен;
      жөндеу жұмыстарының аралығы кезеңде көшелерді жарықтандыру бағандарын бояу;
      олардың қызмет көрсету мерзіміне сәйкес ескірген көшелерді жарықтандыру элементтерін ауыстыру;
      жаяужолдар мен көшенің оның жалпы ауданынан 10% көп емес жүріс бөлігінің арасындағы көгал алаңын жөндеу;
      6) ЖШО жайластыру элементтері және құрылымдық элементтер бойынша:
      жаңа негізді және құрсауды орналастырумен соғылған немесе отырған борттық (ернеулік) тасты кескінде (кеңістік жағдайында) және жоспарда түзеу, сондай-ақ жеке бұзылған борттық (ернеулік) тастарды ауыстыру жаңаларды орнатумен (қажет жағдайда) жабындардың барлық түрлерінде, оның жалпы ұзындығынан 5% дейін, сонымен бірге ЖКО және су шайғаннан кейін;
      борттық (ернеулік) тастың жеке цементбетонды таяныштарын жөндеу оның жалпы ұзындығынан 5% дейін, сонымен бірге ЖКО және су шайғаннан кейін;
      қоғамдық көлік аялдамаларының маңатындағы жасанды тасты материалдардан жасалған борттық (ернеулік) тасты маусымдық бояу;
      құдықтардың қақпақтарын жол жабынының деңгейімен бірдей түзеу, істемейтін құдықтарды (қараусыз) қоса алғанда;
      суқабылдағыш құдықтардың торларын жол жабынының деңгейімен бірдей түзеу;
      көпірлік имараттардың деформациялық жіктерімен, құдықтардың қақпақтарымен және жауын-шашын ағатын торлармен, трамвайлық жолмен байланысқан жерлерінде жол жабындарын жөндеу;
      жол жабындарындағы жарықтарды битуммен және битумдық мастикамен бітеу (құю);
      жол жабындарын сіңдіретін герметизациялайтын құраммен өңдеу;
      жиектерді бекіту және себелеу (100 шаршы метрге дейінгі учаскелерде);
      қоғамдық көлік аялдамаларындағы және жолдық жасанды имараттардың маңатындағы борттық (ернеулік) тасты маусымдық бояу;
      қоғамдық көлік аялдамаларындағы қоқыс жәшіктерді ауыстыру немесе бояу, жөндеу;
      фракциясы 2-5 мм қиыршықтасты апаттық қорландырып сақтауға арналған контейнерлерді ауыстыру немесе бояу, жөндеу;
      жасанды жол бұдырлықтарын (бұдан әрі – ЖЖБ) жөндеу немесе қалпына келтіру тозған сегменттерді ауыстырумен, соның ішінде ЖКО кейін;
      метал кедергілік қоршаулардағы зақымдануларды бояу арқылы (сегменттердің тозған бөлігін ауыстыру) жою, соның ішінде ЖКО кейін;
      бетондық карьерлік қоршаулардың зақымдануларын жою;
      шудан қорғайтын экрандардың зақымдануларын жою (тозған сегменттерді ауыстырумен), соның ішінде ЖКО кейін;
      ЖКО кейінгі жол бойындағы шағын сәулеттік пішіндер мен жасылдандыру элементтерінің, соның ішінде екпе ағаштарының, гүлзар, гүлбақшалардың зақымдануларды жою;
      орманды қорғайтын металл қоршауларды бояу және жөндеу (тозған сегменттерді ауыстырумен), соның ішінде ЖКО кейін;
      жол белгілерін және сілтемелерді, тіректері және бекітпелері бар ақпараттық қалқандарды жөндеу (тозған сегменттерді ауыстырумен), сон соның ішінде ЖКО кейін;
      қауіпсіздік буферлерін ауыстыру, соның ішінде ЖКО кейін;
      габиондық имараттарды ағымды жөндеу (тоқылған металл торды және тастық толтырғышты қалпына келтірумен, не тозған секцияларын ауыстырумен);
      ашық типті жол бойындағы арық желісін; суөткізгіш құбырлардың түйіскен жерлерін және бетін жөндеу;
      қазындыларды себумен еңістерді жөндеу;
      олардың құрылымын өзгертей шағын сәулеттік пішіндерді жылдық бояу және жөндеу.
      6.2. ЖШО жолдық белгілеу бойынша жұмыстар ағымдағы жөндеудің құрамына кіреді, және оның аясында келесі жұмыс түрлері орындалады:
      1) жолды белгілеуге жобалық-сметалық құжаттаманы түзету және дайындау;
      2) ЖШО жол белгілерінің жағдайын мониторингілеу;
      3) көзбен байқау;
      4) зертханалық зерттеу;
      5) инструменталдық диагностика;
      6) жол белгілерін (белгінің жалпы ауданынан 5 % дейін көлемінде жыл сайын) қайта маркалау (қайта жоспарлау).
      7) мыналарды қолданумен жол белгілерін түсіру:
      бояуларды;
      термопластиктерді және салқын пластиктерді;
      түсті жабындарды, соның ішінде сырғанауға қарсы.
      6.3. ЖШО объекттерін және жол киімін апаттық жөндеу бойынша жұмыстар тізбесі, ағымдық жөндеудің құрамында орындалады:
      1) жол киімінің апаттық құлауларын уақытша қоршау;
      2) құлауларды, қирауларды, шөгулерді және 1 шаршы метрден көп аудандағы ісінулерді жою;
      3) салқын битумминералдық қоспаларды қолданумен шұңқырларды (шұқырларды) апаттық бітеу;
      4) қараусыз құдықтардың және технологиялық қараудың бұзылған металл қақпақтарын, суқабылдағыш құдықтардың металл торларын жаңаларға апаттық ауыстыру;
      5) ашық типті жол бойындағы арық желілері мен суөткізгіш құбырларды шайып өтулерден кейін апаттық жөндеу;
      6) габиондық имараттарды шайып кеткеннен кейін апаттық жөндеу (тоқылған металл торды және тастық толтырғышты қалпына келтірумен, не тозған секцияларын ауыстырумен);
      7) жаяужолдық бағандарды және металл кедергілік қоршаулардың ЖКО кезінде зақымдалғанын апаттық жаңа сегменттерге ауыстыру немесе бояумен түзету;
      8) жылдамдықты бақылау және қозғалысты, бағдаршамдық объектілерді реттеу ИКЖ элементтерін апаттық (жоспардан тыс, соның ішінде ЖКО кейін) жөндеу;
      9) апаттық ауыстыру, соның ішінде кабельдерді, сымдарды және тартпаларды, кронштейндерді, жарықтандыратын арматураларды, жарықшамдардың, көшелік жарықтандырудың ЖКО кейін зақымданған металл тіректерін, аппараттарды ауыстырумен басқару шкафтарын, каңқалардың панельдерін, автоматиканы және телемеханиканы сыртқы жарықтандырудың әуе желісінің бұйымдарын ауыстырумен.

7. Жол имараттарын және көшелерді орташа жөндеу

      7.1. Жол имараттарын және көшелерді орташа жөндеу кезінде келесі жұмыстарды орындайды:
      1) субұрғыш және жер төсемі бойынша:
      ісінетін учаскелерді жою, дымқыл және қар басатын орындардағы жер төсемі учаскелерінің кішігірім ұзындығы бойынша кеңейту және көтеру;
      бар субырғыш қазындыларды тазалау, жаңа қазындыларды қазбалау, зақымдануларды түзеу және ойықтардың және үймелердің құлама еңістерін кішірейту, дренаждық, қорғаныш және бекітетін құрылғыларды, субұрғыш имараттарды және құбырлар мен көпірлердің арналарынан бағыттаушыларды түзеу, шөптерді егу;
      жиектерге құм себу, кесу, жоспарлау және бекіту;
      2) жол киімі бойынша:
      жол жабынының шұңқырлы жөндеуі, жылжуға төзімді және тозбайтын асфальтобетоннан жаңа қабатты төсеумен міндетті түрде қозғалыстың бірнеше немесе бір жолағының енін немесе жабынының барлық енін фрезерлеумен жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстырумен күрделі жабындардың жүріс бөлігінің бұдырлықтарын және ойықтарын жою.
      жетілдірілген жабындардың жоғарғы тозған қабатын қалпына келтіру және ісінетін бөлек учаскелерде жол киімін орналастыру, құрылғымен топырақты тұрақтандырумен және бар жол киімін бөлшектеумен, талап етілетін тегістікті және бұдырлықты қамтамасыз етумен;
      көшелердің жабындарында бұдыр беттік қабаттарды орнату;
      жақсартылған жабынды регенерациялау және соққылау, бар тасқындарды, ойықтарды, жаңа материалды қосумен қырқаны;
      цементбетонды жабындардың қалпына келтіруге жарамайтын тозған сегменттерін ауыстыру, цементбетонды жабындардағы бойлық және көлденең бороздоларды кесу;
      темірбетондық жабындардың тозған тақталарын ауыстыру, көтеру, тегістеу темірбетон жабындардың бөлек тақталарын;
      қорғаныш қабатын орнату, үлкен ұзындықтағы цементбетонды жабындардың сегменттерін және темірбетон тақталарының түйістерін жөндеу, бөлек учаскелерде асфальтбетон қабатын төсеу;
      ірі құмды және қиыршықтасты жабындардың кескіндерін қалпына келтіру, сондай-ақ жер жолдарды көшенің бір шақырымына 500 куб метр көлемінде материалдарды қосумен;
      байланыстырғыш және шаңданбайтын материалдармен ірі құмды және топырақ көшелердің жүріс бөлігін жақсарту;
      бұрылыстарды орналастыру және қауіпті қисық қозғалыс үшін көруді қамтамасыз ету;
      жөнделіп жатқан учаскелерде жүріс бөлігін белгілеу;
      3) жасанды инженерлік жол имараттары бойынша:
      деформациялық жіктер астындағы субұрғыш науаны қалпына келтіру;
      субұрғыш трубканы жөндеу (трубкаларды арттыру немесе қосымша трубкаларды орнату);
      жабындардағы жіктерді орнату гидрооқшаулағыштың жаяужолға біріккен жерінде және оларды мастикамен құю;
      субұрғыш трубкалардағы оқшаулағышты жөндеу;
      10 сантиметрден көп отыру кезінде үймемен көпірдің байланысу түйіндерін жөндеу (қиыршықтасты себумен қосымша жабын арқасында тегістеу);
      үймемен байланысқан шеткі жаяужол тақталарын ауыстыру;
      жол киімін қалпына келтірумен көшпелі тақталардың бөлек жылжуларын жою;
      көшпелі тақталар астына топырақты себу оларды шайылдыру кезінде тақталарды ашумен;
      болат элементтері бар, деформациялық жіктердің бұйымдарын ішінара ауыстыру;
      жұмыстар жол киімі деңгейінде орындалып жатқанда, мастикалық және резеңкелі толтырғышпен жабық типті деформациялық жіктермен ауыстыру;
      жаяужолдардағы деформациялық жіктерді ауыстыру;
      жаяужолдың жабынын тегістеу, жаңа жабынды орнату;
      жаяужол блоктарындағы кең саңылаулардың шұңқырын бітеу, жаяужолдың қасбетін қорғаныш жабынмен өңдеу;
      жаяужол блоктарындағы жарықтарды және бөлек сынықтарды жою;
      жаяужол блоктарының жіктерін оқшаулау және нақыштау;
      жаяужолдарды қалпына келтіру, күшейту немесе бөлек зақымданған блоктарды ауыстыр;
      жаяужол тақталарындағы қирауларды жою;
      оқшаулауды орнату немесе жаяужолдардың асфальтбетондық жабыны;
      бөлек секцияларды жөндеу, бөлек таяныш тіректерінің анкерлеуін күшейту;
      барлық ұзындық бойынша таяныштарды ауыстыру немесе көпірлік имарат ұзындығыны бөлігінде ғана;
      таяныштарды барлық ұзындығы бойынша бояу;
      жаңа анкерлеумен таяныш тіректерінің бекіту түйіндерін ауыстыру;
      құрылым бетонының барлық бетін бояу және гидрофобизациялау (тақталарды, арқалықтардың, аркалардың және басқа элементтердің қаьырғаларын);
      диафрагма жіктерін жөндеу;
      жол өтпелері және көпірлерді жөндеу немесе ішінара қайта салу, сондай-ақ толық немесе ішінара суөткізгіш құбырларды қайта салу, олардың габаритін және есептік жүктемелерін нормаға дейін жеткізумен, жөнделетін жол үшін орнатылған, тахникалық санатқа сай, техникалық құжаттамамен бекітілген;
      көпірлерде қиын емес жөндеу жұмыстарын орындау (төсемдерді, арқалық торларды, бөлек түйіндерді және элементтерді айырбастау, қалауды түзеу, жер төсемімен басланысулар);
      құрылыстық көтеруді бақылау алдын-ала кернелген темірбетондық және металл аралық құрылымдарда;
      көпірлік имараттың жүріс бөлігіндегі жабынды ауыстыру немесе қалпына келтіру;
      жаяужол блоктарындағы саңылауларды нақыштау, жаяужолдардағы жабынды қалау;
      қоршауларды қайта жаңғырту немесе жөндеу;
      материалдары мен құрылымын ауыстырумен деформациялық жіктерді жөндеу;
      гидрооқшаулағышты жөндеу;
      жаяужолдарды, таяныштарды, ернеулерді ауыстыру және жөндеу;
      көпірдің жүріс бөлігіндегі субұрғышты жақсарту, субұрғыш трубкаларды және тесіктерді ауыстыру;
      темірбетон құрылымдарының қасбеттік бетін гидрооқшаулау, басты арқалықтардың бетін бояу;
      жарықтарды беттік герметизациялау, шұңғылшаны, сынықтарды бітеу, көпердің темірбетон элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру;
      металл аралық құрылымдарын тұтастай бояу;
      арқалықтарды өзара бір-бірімен қосу қалпына келтіру;
      субұрғышты және дренажды жөндеу, көпірдің байланысуларын үймемен көшпелі тақталарды ауыстырумен;
      реттегіш имараттардың және жер төсемі еңісі бекітулерін жөндеу;
      реттегіш имараттардың және тіректердегі қазындыларды жою;
      металл аралық құрылымдарда бөлек элементтерді күшейту, тура фермалары бар көпірлердегі элементтерді түзету;
      тойтармаларды жоғары берікті бұрандаларға ауыстыру;
      тірек бөліктерінің жобалық орналасуын қалпына келтіру және жөндеу;
      тіректік алаңқайлардағы құйылыстарды қалпына келтіру және жөндеу;
      қаптама жіктерін сөгу, жарықтарға ерітіндіні жіберу;
      тіректердің және аралық құрылымның көру құрылғысын қалпына келтіру және жөндеу;
      тірек денесін жөндеу;
      темірбетонды аралық құрылымның тірелген жерлерінде тірек бөлігін күшейту;
      трубкалардың басын және бөлек звеноларын жөндеу немесе ауыстыру, оқшаулағыштарды және түйістерді түзеу;
      тіректік қабырғаларды, бекітетін және реттейтін имараттарды, галереяларды және қалқаларда жөндеу, сондай-ақ олардың бөлек элементтерін ауыстыру;
      4) көшелердің ахуалы, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
      елді мекендер арқылы өтетін, көшелердің бөлігінде жаңа жаяу жүргінші жолын және жаяужолдарды орналастыру;
      көшенің жүріс бөлігінен бөлек орналасқан жаңа велосипед жолдарын салу;
      құрылымның негізін өзгертпей жабынды алдын-ала қопсытумен (бөлшектеу) асфальтбетондық қоспадан жабынды орнатумен жаяу жүргінші жолдарын және жаяужолдарды жөндеу;
      кеңейтуге ұшырайтын инженерлік жүйелерді (қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерін) жаңа орынға көшіру қашықтығы үлкен емес көшелердің учаскелерін кеңейту кезінде;
      сәулеттік безендіруді және бөлек айырымдарды көріктендіру, демалу алаңдарын, автомобиль тұрақтарын, көз тартарлықтай орындарды қоса алғанда, жаңа бөлек қоршауларды орнату, жаңаларды орнату және жөнделетін учаскелердегі бағыттағыш құрылғыларды және жол белгілерін ауыстыру (қалпына келтіру), қоршауларды жөндеу;
      бірігулерді жөндеу (түсу және өту жолдары, жазғы және тракторлық жолдар);
      дабылдағышты, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерін жөндеу;
      жол ақпараттық жүйелерін және кешендерін, белгілерін және жеке жобалау таблосын, жол қозғалысын автоматтық басқару және диспетчерлік жүйелер мен элементтерді; автономдық және қашықтықтан басқарылатын белгілерді және ақпаратты алмастыру таблосын, бағдаршамдық объекттерді қалпына келтіру;
      жолдық желілік телеграфтық немесе радио байланысты және басқа да технологиялық және сигналдық-шақыру байланыс құралдарын қалпына келтіру, кабельдік желілерді, техникалық басқару кешендерін жабдықты жөндеудің паспорттық талаптарына сай қалпына келтіру;
      көшелерді (автопавильондарды, тіректік қабырғаларды, ақпаратттық панно және басқа имараттарды) көріктендіру элементтерін жөндеу.
      7.2. Басқа жұмыс түрлері, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін және көшелерді пайдаланулық жағдайының қалпына келуін қамтамасыз ететін, соның ішінде:
      ішінара ауыстырумен жол бойындағы ашық арық жүйесін жөндеу, қызметтен шыққан науалардың барлық ұзындығынан 10% дейін;
      ішінара қалпына келтіру, қызметтен шыққан, борттық (ернеулік) тастарды ауыстыру немесе қайта құру, барлық ұзындығынан 10 % дейін;
      жөндеу кезектілігінің кестесі өтіп кеткен жағдайда жол бойындағы арық жүйесінің және борттық (ернеулік) тастардың ауыстырылатын бұзылған және қолдануға жарамайтын науалардың үлесі ақаулар ведомосін құрумен көзбен көріп бағалау негізінде анықталады;
      құдықтардың қақпақтарын жол жабынының деңгейімен бірдей түзеу;
      суқабылдағыш құдықтардың торларын жол жабынының деңгейімен бірдей түзеу;
      металл кедергілік қоршаулардың зақымдалған учаскелерін (сегменттерін), шудан қорғау экрандарын жөндеу, сонымен бірге жаңасына ауыстырумен;
      бұзылған жерлердегі тақтайшадан және кеспе тастардан жасалған көпірлік жабындарды жөндеу;
      жол жиектерін бекіту және үстемелеу (100 шаршы метрден жоғары карталармен);

8. Жол имараттарын және қалалық көшелерді күрделі жөндеу

      8.1. Жол құрылыстары мен көшелері ЖШО күрделі жөндеулер құрамына келесі жұмыс түрлері жатады:
      жоба алды пысықтау;
      жобалық-сметалық құжаттамаларды (бұдан әрі – ЖСҚ) дайындау;
      ЖШО жайластырумен, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен жол-жөндеу жұмыстарының өндірісі;
      жол-жөндеу жұмыстарын сапалық бақылау және қабылдау.
      8.2. Күрделі жөндеу кезінде қалалық көшені қайта құрылғылау және бөлеу түзулеу жүргізуге рұқсат беріледі, жоспардағы сияқты, сондай-ақ бойлық кескінде, көшенің барлық ұзындығының 25% қашықтығына дейін.
      8.3. Жол-жөндеу жұмыстарының өндірісі (ЖШО жайластыру элементтерін және құрылымдық элементтерді күрделі жөндеу), соның ішінде:
      1) субұрғыш және жер төсемі бойынша:
      жер төсемін түзеу оның геометриялық параметрлерін нормаға дейін жеткізумен, техникалық санатқа сай, жөнделетін жол үшін жасалған, техникалық құжаттамамен бекітілген (кеңейту, көтеру, топырақтарын ауыстыру, көруді қамтамасыз ету, айналманың радиусын жоғарылату, бойлық еңістерді кішірейту, тік қисықтарды және бұрылыстарды орналастыру), көшенің бөлек учаскелерін түзулеу;
      ісінетін, сырғымалық және опырылмалы учаскелерді жою, жер төсемінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін, дренаждарды, оқшаулағыш қабатшаларды орнату және басқа жұмыстар;
      барларды қайта салу және қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа субұрғыш құрылғыларды, жағалауды қорғайтын және эррозия қарсы имараттарды салу.
      жер төсемін және көшелердің бірігуі және қиылысы жерлерінде субұрғыш жүйелерін орнату;
      көшелердің жүріс бөлігінен тыс автомобиль тұрағына, аялдамасына арналған алаңдарды орналастыру;
      жол бойындағы қорларды, көшелерді күрделі жөндеу бойынша жұмыс аумағында орналасқан, жабылатын көшелердің учаскелерін құнарлығын қалпына келтіру (ЖСҚ-ға сәйкес);
      тасқынды, селдік, опырулық, жауындық, сейсмикалық және басқа апатты бұзылулардың зардаптарын жою;
      2) жол киімі бойынша, соның ішінде:
      асфальтбетондық жабынымен:
      қозғалыс жолағының біреуінен көп емес жол киімін кеңейту, күшейту (қалыңдату), болған жол киімін негіз ретінде қолданумен және регенирациялаумен жол киімінің жетілдірілген түрін орналастыру;
      қайта жайғастырылатын (түзетілетін) жолдардың учаскелерінде жол киімін орнату, соынымен бірге көшелерге ЖШО ведомстволық тиістіліген сай елді мекендерді айналып өтулерді және кірмелерде;
      көлік айырымдарында, инженерлік құрылғыларда, жаяужолдарда, өтпелі және велосипед жолдарына, автобус аялдамаларында, демалыс алаңдарында және автокөлік тұрақтарында жол киімін орналастыру;
      негізгі көшенің жүріс бөлігін кеңейту велосипед жолдарын орналастыру үшін, олардың қажеттелігі келісілген кезде;
      жоғарғы қабатты төсеумен және алдын-ала қопсытумен жол киімі жабындарының тозған қабаттарын ауыстыру, керек жағдайда төменгі және түзеуші қабаттарды;
      бұзылулар мен деформацияларды жоюмен және көлденең профильді алдын-ала түзетумен негіз ретінде бар жол киімін қолданумен жол киімі жабынын орнату;
      жол жабынының қабаттарын төсеу алдында жарықтардың түзілуін болдырмау бойынша шараларды өткізу (жарықтарды бітеу, жарықтарды тоқтатаны қабатшаларды және арматуралайтын материалдарды орнату);
      цементбетондық жабынымен:
      асфальтбетондық қоспадан күшейту қабаттарын цементбетондық жабынның ескісінің үстінен оның тұтастығын бұзбай төсеу;
      дәл сондай, ескі цементбетондық жабынды алдын-ала үгітумен және осындай тәсілмен алынған негіз материалын жете тғыздаумен;
      цеменбетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, модификацияланған бетоннан күшейту қабатын орнату;
      цементбетондық жабындар бойынша жөндеу жобалық-сметалық құжаттамаға сай іске асырылады;
      жабындардың басқа типтері бойынша:
      қиыршықтасты және ірі құмды жабындардың профилін түзеу, сондай-ақ жер жолдарды жаңа материалдарды қосумен, жүріс бөлігін байланыстырғыш материалдармен жақсарту;
      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған ернеулерді және жетілдірілген жабындардың шеті бойынша бекіту жолақтарын ауыстыру және жаңаларды орнату, соның ішінде жол киімінің негізгі типі бойынша;
      3) ЖШО құрылымдық элементтері бойынша:
      тағы да борттық (ернеулік) тасты құру немесе ауыстыру, қайта құру;
      көру құдықтарының және қаңқаға және тірек тақтасына орнатумен немесе басқа заманауи технологияларды қолданумен суқабылдау құдықтарының торларының қақпақтарының мойынын бекіту;
      көпірлік жабындардың тұтастай төсеніш төсеуі құмдық негізді толығымен немесе ішінара ауыстырумен;
      жиектерді жөндеу, велосипед жолдарын, жаяужолдарды, жол киімін ауыстырумен автомобильдерге арналған тұрақтарды жөндеу және орнату;
      жағалық жағалаулық күрделі жөндеу және бекіту;
      гүлзарды қалпына келтіру және жөндеу;
      4) субұрғыш бойынша:
      жаңа дренаждарды орнату, ашық типті беткі субұрғыш бар жүйелерді қалпына келтіру;
      науаларды толық ауыстырумен жол бойындағы аркалық ашық жүйелерді күрделі жөндеу;
      5) жасанды инженерлік жол имараттары бойынша:
      көпірлерді, күшейтумен және кеңейтумен, ішінара немесе толыңымен қайта салумен, құру, сонымен бірге жаяу жүргіншілік , жол өтпелерін, олардың габаритін және есептік жүктемелерін нормаға дейін жеткізумен, ағымдағы жөндеуге бекітілген техникалық құжаттамаға сай (жаңа арқалықтарды қоспай габаритін кеңейтумен көпірді жөндеу, габаритті кеңейтумен және жаңа арқалықтарды қосумен беларқаларды күшейту және үлкейту, габаритті кеңейтумен және жаңа арқалықтарды қосумен тіректерді бір жағынан немесе екі жағынан үлкейту);
      көпірдің металл фермалары және басты арқалық элементтерін күшейту және түзеу;
      металл аралық құрылымдарды ауыстыру;
      көпірлік имараттың жүріс бөлігін ауыстыру;
      суөткізігіш құбырларды қайта салу және қайта құру;
      құбырлардың бекітулерін және бастарын, звеноларын ауыстыру;
      құбырлардың зақымдалған сақиналарын ауыстыру;
      жаңа сақиналар мен бастар есебінен құбырдың ұзындығын ұзарту;
      қалқымалы көпірлерді, паромдық өтулерді, тұрақты көпірлері мен жол өтпелері бар теміржолдық өтулерді ауыстыру;
      қорғаныш бекітетін және реттейтін имараттардың, тірек қабырғаларын қалпына келтіру және орнату;
      қайта салынған және тағы қайта салынған көпірлерді сынау;
      қорғаныш галереялары және қалқалардың, туннелдердің құрылымдық элементтерін ауыстыру және жөндеу, сондай-ақ уақытша галереяларды және қалқаларды тұрақтыға ауыстыру;
      олардың құрылымын жетілдірілгенге өзгертумен тірек қабырғаларды, баспалдақтарды жөндеу;
      6) ЖШО жайластыру, көшелерді көріктендіру және ахуалы, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру объектілері бойынша:
      бірдей және әр түрлі деңгейлердегі қиылысулар мен бірігулерді қайта орнату және жаңаларды орнату, сондай-ақ жеке өтпелерді, барлық жолда немес оның учаскелерінде бұрылыстар мен түсулерді, қала жолдарын күтіп ұстайтын жол қызметінің ғимараттарына кірме жолдарды.
      жетпейтін жаяужолдарды орнату, аялдамалық, қоғамдық көліктердің автопавильондарын және отырғызу алаңдарын, қауіпсіздің аралдарын, автомобиль тұрағы немесе аялдамалары үшін алаңдарды, сондай-ақ жаяужолдарды, жолдардың учаскелеріне жаяу жүргінші жолдарын (сонымен бірге әр түрлі деңгейлерде), елді мекен аясында өтетін;
      уақытша айналма жолдарды қайта құру немесе жаңасын орнату, жөндеу мерзіміне тағайындалған уақытша айналма жолдарды салу немесе табиғи апаттан бұзылған, көшелердің учаскелерін қалпан келтіру;
      көшелердің өзара қиылысында және теміржолдық жолдармен қозғалоысты реттеу және ұйымдастырудың жаңа техникалық құралдарын орнату (монтаждау);
      сутартқыш жүйелерді және ұңғымаларды жөндеу, мемлекеттің иелігінде орналасқан және ЖШО мен қалалық аумақтарды сумен шашырату үшін тағайындалған;
      электр жабдықтарын, сыртқы жарықтандыруды, фонтандарды олардың паспорттық мәліметтерінің талаптарына сай жөндеу;
      ИТЖ жабдықтарды оның паспорттық мәліметтерінің талаптарына сай жоспарлық ауыстыру және жөндеу;
      жолдық желілік байланыс (телетайп немес радио) имараттарын және басқа технологиялық байланыс құралдарын, паромдық өтпелерде және көпірлердегі электржарығын жөндеу және орнату;
      өтетін көліктік тораптарының және имараттардың, оның бөлек элементтерін, көшелердің жұмысын зерттеу үшін қажетті, қозғалысты және қар өлшегіш және су өлшегіш кедендерінің және басқа құрылғылардың есептеу бойынша пункттерін жөндеу және орнату;
      тақталарды, блоктарды ауыстырумен және қорғаныш-сәндік жабынын қалпына келтірумен металл кедергілік қоршауларды күрделі жөндеу, соның ішінде бетондық кедергілік қоршауларды күрделі жөндеу;
      күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелерде жол белгілерін және бағыттаушы құрылғыларды орнату немесе ауыстыру, жөндеу;
      шудан қорғайтын экрандарды (қабырғаларды) ауыстыру және күрделі жөндеу;
      ЖЖК орналастыру;
      фракциясы 2-5 мм қиыршықтас қорын аппатық сақтау үшін контейнерлерді орнатуға орындарды жайластыру;
      гүлзарларды және бөлетін жолақтарда жас көшеттерді отырғызу және (немесе) қалпына келтіру;
      күрделі жөндеу мерзіміне тағайындалған және түсірілген уақытша белгіні жою және түсіру;
      көшелерді немесе олардың бөлек учаскелерін көріктендіру және сәулеттік ресімдеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады