Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 114/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 90/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде № 5061 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 254/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысының әкімдігінің 30.11.2020 № 254/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 114/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4512 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 маусымда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "1" наурыздағы
№ 90/3 қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "24" сәуірдегі
№ 114/4 қаулысымен
бекітілген

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес жер-кадастрлық жоспары мен уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын (бұдан әрі – уақытша жер пайдалану шарты) қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.

      Жер учаскесін тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:

      1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсырады – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      жауапты орындаушы:

      жер учаскесін орналастырудың ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін (бұдан әрі – таңдау акті) дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні;

      таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды – 12 (он екі) жұмыс күні;

      оң шешім қабылданған жағдайда – жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні;

      теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;

      сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы таңдау актісін қарайды және оған қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күні;

      жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;

      2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорация жер-кадастрлық жоспарды дайындауға ақы төленген жағдайда, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;

      жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды – 2 (екі) жұмыс күні;

      жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;

      жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды, жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызу үшін жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер-кадастрлық жоспар мен уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

      5) жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы;

      6) жер қатынастары бойынша уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кестеде) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығын сипаттау:

      көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:

      1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

      1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін алу туралы өтінішін қабылдауды жүзеге асырады, өтініш иесіне жер учаскесін таңдау актісін келісу үшін қолхатты алу мерзімі көрсетілетін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсырады;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      4-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;

      5-процесс – жауапты орындаушы:

      таңдау актісін дайындайды;

      таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды;

      оң шешім қабылданған жағдайда – түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады;

      теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады;

      6-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы түпкілікті таңдау актісін қарайды және оған қол қояды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;

      7-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;

      8-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына қол қою күні көрсетілетін, қол қойылған жер учаскесін түпкілікті таңдау актісінің қабылданғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ өтініш иесін берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпарат алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді және Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісілген түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындау қызметтеріне ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртекті) тапсыруды жүзеге асырады;

      2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісі мен жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуді келіскен кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

      9-процесс – Мемлекеттік корпорация жер-кадастрлық жоспарды дайындауға ақы төленген жағдайда, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;

      10-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды;

      11-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды;

      12-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды;

      13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды және жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;

      14-процесс – жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада өтініш иесіне қол қойғызу үшін жолдайды;

      15-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды беруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына екі данада қол қойғызады.

      10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

      1) құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап:

      1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

      2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;

      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін порталға ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);

      1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

      2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту;

      4-процесс – қызмет ақысын "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде төлеу, осы ақпараттың порталға түсуі;

      2-шарт – ақпараттық жүйеде қызметті көрсету үшін төлем жүргізу фактісін тексеру;

      5-процесс – порталда қызметті көрсету үшін төлемнің жоқтығына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

      3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) порталда тексеру;

      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      9-процесс – порталда сұрауды тіркеу және өңдеу;

      4-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін аумақтық бөлімшенің тексеруі;

      10-процесс – қорытынды негізінде порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммаларда келтірілген.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

  "Елді мекен шегінде объект
салу үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) рәсімдер (іс-қимылдар)
реттілігін сипаттау 1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң
қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін
дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні


Негізгі процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Мемлекеттік корпорация қызметкерінен құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау

Құжаттарды қарау

Таңдау актісін дайындау;
Таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдау;
Оң шешім қабылданған жағдайда – түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсыну;
Теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындау және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдау

Түпкілікті таңдау актісін қарау

Түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімші шешім)

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсыру

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдау

Жауапты орындаушыны анықтау

Түпкілікті таңдау актісі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Түпкілікті таңдау актісіне немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Көрсетілетін қызметті алушымен келісу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут
 

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

7 (жеті) жұмыс күні 12 (он екі) жұмыс күні 2 (екі) жұмыс күні 1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде
және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер
пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні


Негізгі процестің іс-қимылы


1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

Жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Жауапты орындаушы

3

Іс-қимылдың (процестің,
рәсімнің, операцияның) атауы

Жер-кадастрлық жоспарды бекіту

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындау

Шешім жобасын қарау, уақытша жер пайдалану шартына қол қою

Шешім жобасын қарау және оған қол қою

Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім көшірмесін екі данада көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызу үшін жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімші шешім)

Жауапты орындаушыны анықтау

Шешім жобасы, уақытша жер пайдалану шарты

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдау

Шешімді уәкілетті органға жолдау

Құжаттарды беру және көрсетілетін қызметті алушыға шартқа екі данада қол қойғызу

5

Орындау мерзімдері

2 (екі) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

  "Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрекет ететін ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


Шартты белгілері мен қысқартулар



  "Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен
жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні


"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-кезең: көрсетілетін қызметті
алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар
қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру
туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні


Шартты белгілері:



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады