Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 22.01.2018 № 24/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы "7" сәуірдегі № 121/3 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының еңбек басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ержелер
1. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында ұйымдарда Қазақстан Республиксының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Володарский көшесі, 129.
10. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление труда Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі атынан "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының еңбек басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірдің аумағында еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
18. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде еңбек қатынастары саласында өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні болып табылады.
19. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау.
20. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және жалпылауды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
11) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
12) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарды мониторингілеу;
13) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
14) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды мониторингілеу;
15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлеу және бекiту;
16) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға кезеңдік есептерді, еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты, сондай-ақ еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғаудың жай-күйін мониторингілеудің нәтижелерін ұсыну;
17) ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;
18) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру;
19) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік кадр саясатын іске асыру;
20) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;
21) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
22) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамамен және Павлодар облысының әкімдігінің басшылығымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда кедергісіз болу;
2) жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұрату және алу;
3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыру, әкімшілік жазалар қолдану;
4) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұру (тыйым салу);
6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салу;
7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алу;
8) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберу;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысу;
12) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру;
13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен және міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Павлодар облысының еңбек басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның фукнцияларын жүзеге асыруға дербес жауаты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
25. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді және оларды тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
5) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемелекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;
8) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
9) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
10) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.
"Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықтайды.
27. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.
4. "Павлодар облысының еңбек басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.