Павлодар облысының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16/2 шешімі және Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 5112 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар халқының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар облысының кейбір көшелері:
      1) Ақсу қаласы бойынша:
      Царев көшесі – Бауыржан Момышұлы көшесі;
      Энтузиастов көшесі – Мәншүк Мәметова көшесі;
      7А шағын ауданында орналасқан Заводская көшесі – Николай Бердников көшесі;
      Кооперативная көшесі – Иван Суптель көшесі;
      Советов көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі;
      Молодежная көшесі Хиуаз Доспанова көшесі болып қайта аталсын;
      2) Павлодар қаласы бойынша:
      Дерибас көшесі Құдайберген Сұрағанов көшесі болып қайта аталсын;
      3) Екібастұз қаласы бойынша:
      6-шы Северный өтпе жол көшесі – Болат Шапенов көшесі;
      Геологическая көшесі Қазбек Нұралин көшесі болып қайта аталсын.
      2. Аталған қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Терентьев
      _________________
      Облыстық мәслихат хатшысы В. Берковский
      ________________
      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады