Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 169/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 179/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 5142 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 24/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 04.02.2019 № 24/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 169/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4595 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдедегі "Регион.kz" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің барлық мәтіні бойынша "халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылсын, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады