Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Е. Иманзаипов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "30" наурыздағы № 344/6 қаулысымен бекітілген |
"Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Павлодар қаласы аумағында тұрғын үй қорын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.
10. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции города Павлодара".
12. Мемлекет Павлодар каласы әкімдігі атынан "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Миссиясы: "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреті шегінде тұрғын үй тұрғын үй қорын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.17. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты тұрғын үй қорын мемлекеттік бақылау саласындағы саясатты жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
18. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Павлодар қаласы аумағында тұрғын үй қорын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалалық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) кондоминиум объектісіндегі ортақ мүліктің техникалық жағдайын тексеруді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісіндегі ортақ мүліктің тізімдегі және кезекті жүргізілген күрделі жұмыстарының жеке түрлерін анықтау;
3) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын, кондоминиум объектісінің басқару органымен ұсынылған кондоминиумның ортақ объектісінің жеке түрлеріне күрделі жөндеу жүргізуге сметалық шығыстарды келісу;
4) кондоминиум объектісіндегі ортақ мүліктің жеке түрлерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының орындалуын қабылдау бойынша комиссияларға қатысу;
5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстінің 320-бабы 5, 6, 7 - тармақтарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және олар туралы істерді қарау;
6) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 42-бабы 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды анықтау;
7) кондоминиум объектісі үй- жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу.
20. Функциялары:
1) көппәтерлі тұрғын үйдегі және үй маңындағы аумақтағы үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүліктерін пайдалану, ұстау, іске қосу және жөндеу тәрптібін сақтау үшін бақылау жасау;
2) кондоминиум объектісін басқару органының сайлау тәртібін сақтау, сондай-ақ пәтер иелері кооперативі басқармасының төрағасында;
3) тұрғын үйлердегі үй-жайларды қайта қалпына келтіру бойынша өңдеу жұмыстарының ережесі мен нормасын сақтау, көп қабатты үйлердің электр, жылу, сумен қамтудың жеке қосуы бойынша техникалық жағдайына келісу;
4) қолданыстағы нормативтік және жобалау құжаттамаларына сәйкес (соның ішінде "2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде) көп пәтерлі тұрғын үйдегі тұрғын үй қорының техникалық жағдайына және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншікті ортақ мүліктеріне және оның инженерлік жабдықтарына, оны ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытылы орындалуын бақылау.
21. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттердің орындалуымен байланыстағы мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізінде сұратуға және алуға;
2) Павлодар қаласы әкімі мен әкімдігінің қарауына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
3) шарттар жасауға;
4) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Міндеттері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруға;
2) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.23. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды;
2) "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) барлық ұйымдарда "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;
4) заңнамамен белгіленген шектерде және жағдайларда "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқаруында тұрған мүлікті иеленеді;
5) келісім шарттар жасайды;
6) қызметкерлерге сенімхаттар береді;
7) "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша жоспарларын бекітеді;
8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;
9) "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген, заңнамада белгіленген тәртіпте оның құзыретіне енетін міндеттер мен функцияларды орындау бойынша бұйрықтар шығарады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
12) өз орынбасарының (орынбасарларының) және өзге де жетекші қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттік шеңберін анықтайды;
13) заңнамамен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
27. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласының уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.34. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншікте қалады.