Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Ақсу қаласында 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 175/3 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 756/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 5239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Ақсу қаласында 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 175/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 болып тіркілген, 2016 жылғы 26 наурыздағы "Ақсу жолы" және "Новый путь" қалалық газеттерінде жариаланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 33-жолмен толықтырылсын:
      "

33
Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласы білім бөлімінің "Айналайын" бөбектер бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
280
(республикалық бюджет)
28986
18665
5 жасқа дейін - 10500;
5-7 жастан бастап - 8500.

            ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Дүйсимбинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады