"Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 289/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5078 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі N 824/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 29.07.2016 N 824/8 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Павлодар облысының Әділет департаментімен 2015 жылғы 29 мамырда № 4498 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда № 22 (1272) "Отарқа" және № 22 (3084) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 458/5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
      20–тармақтағы:
      22) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асыру;";
      26) тармақша алынып тасталсын;
      32–тармақтағы:
      24) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "24) "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 36 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";";
      44) тармақша алынып тасталсын;
      54) және 65) тармақшалар мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "54) "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 6 "Золотая рыбка" көптiлдiлiктi дамыту орталығы бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";";
      "65) "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің "№ 20 "Мерей" көптiлдiлiктi дамыту орталығы бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";".
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады