"Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 249/57 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5024 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 153/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.01.2018 № 153/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Занына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органның Үлгілік ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Дисенова
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

  Аудандық мәслихатының
2016 жылғы 3 наурыздағы
№ 249/57 шешіммен
бекітілді

"Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай аудандық маслихатының қызметiн және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай–ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқысы бар.

      7. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтоғай аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат Актогайского районного маслихата".

      11. "Ақтоғай аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00-ден 18.30-дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30-дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      12. Мемлекет Ақтоғай аудандық әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекеменің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға істеуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтоғай ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ету.

      17. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыру қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

      18. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Ақтоғай ауданы мәслихатының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардын құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік пен экономикалық үдерістерді басқаруды қамтамасыз ету;

      3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсене азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;

      4) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтын, экономикалық дамытудың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық принциптерін іске асыруға, қолдау көрсету өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін шешуге демократиялық әдістермен жәрдемдесу;

      5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;

      2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік–құқықтық актiлер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер мониторингін жүргізу;

      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс–сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшiн қажеттi өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;

      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттiк органдардың қызмет қорытындысы бойынша анықтамалар дайындау.

      6) аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін біліктілігін орттыру және қайта даярлау курсына жолдау.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Ақтоғай аудандық мәслихатының регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;

      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттiк органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актiлері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

      3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;

      5) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзiміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;

      6) аудандық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік- әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық - техникалық және өзге көмек көрсету.

3. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.

      23. Ақтоғай аудандық мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      24. Ақтоғай аудандық мәслихаты хатшысының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларынын және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшiн қызметтік мiндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

      6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзiн-өзi басқару органдарымен өзара іс–қимылын ұйымдастырады;

      7) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      10) мәслихатты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзiн-өзi басқару органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым - қатынастарда мәслихат атынан өкілетті етеді;

      11) мәслихат шешiмдерiнің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс–шараларды белгілейді;

      12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де міндеттерді орындайды;

      13) мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ;

      14) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;

      15) "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жөнінде шара қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–шараларды қолданған үшін дербес жауапкершілік етеді;

      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.

      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      25. Ақтоғай аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.

      26. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      27. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым - қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      28. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен енбек ұжымы арасындағы қарым–қатынастары Қазақстан Республикасының Енбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      30. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      31. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      32. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      33. "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін таратылған кезінде, несиегерлердін талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады