Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 204 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қазанда № 5242 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 223 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 11.09.2017 № 223 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сауда қызметі субъектілерінің Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "6" қыркүйектегі
№ 204 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында
көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындардың тізбесі

Ауылдық округ атауы

Орналасу орны

Саны

1

2

3

4

1

Ақтоғай ауылдық округі

Ақтоғай ауылы, орталық базар

1

Приреченск ауылы, Мир көшесіндегі алаң (автобус аялдамасы жанында)

1

2

Әуелбек ауылдық округі

Әуелбек ауылы, Мир көшесіндегі алаң (ауылдық клуб ғимаратының жанында)

1

3

Басқамыс ауылдық округі

Басқамыс ауылы, Ленин көшесіндегі алаң (мешітке қарама-қарсы)

1

4

Жалаулы ауылдық округі

Ивановка ауылы, Садовая көшесіндегі алаң (автобус аялдамасы жанында)

1

5

Жолболды ауылдық округі

Жолболды ауылы, Коммунистическая көшесіндегі алаң (футбол алаңы жанында)

1

6

Қараоба ауылдық округі

Қараоба ауылы, Пушкин көшесіндегі алаң (пошта ғимаратының жанында)

1

7

Қожамжар ауылдық округі

Қожамжар ауылы, Садовая көшесіндегі алаң (Қожамжар ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратының жанында)

1

8

Мүткенов ауылдық округі

Мүткенов ауылы, Шарапиденов көшесіндегі алаң ("Нұр" кафесі жанында)

1

9

Разумов ауылдық округі

Андрияновка ауылы, Драганов және Мир көшелері қиылысындағы алаң (автобус аялдамасы жанында)

1

10

Харьков ауылдық округі

Харьков ауылы, Пионерская көшесіндегі алаң (бұрыңғы пошта ғимаратының жанында)

1

11

Шолақсор ауылдық округі

Шолақсор ауылы, 8 Март көшесіндегі алаң (мектептің жанында)

1

Барлығы:

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады