Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі "Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 204 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 223 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 03 қазанда № 5630 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі "Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5242 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қазандағы аудандық № 42 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Машырықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады