"Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 41/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5023 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 06.10.2017 № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дубовицкий

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 1 наурыздағы
№ 41/1 қаулысымен
бекітілді

"Ертіс ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы өзінің шектеулі құзыретінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Иса Байзақов көшесі, 14.

      10. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел образования Иртышского района".

      12. Мемлекет Ертіс ауданының әкімдігі тұлғасында "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ертіс ауданының білім бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ертіс ауданының білім бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      17. Кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

      18. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: аудан деңгейінде білім беру саласы дамуындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      19. Міндеттері:

      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

      2) мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер жүйесіндегі материалдық–техникалық базасын құру, нығайту және олардың инфрақұрылымын дамыту;

      3) білім беру саласындағы әлеуметтік–экономикалық міндеттер мен аудандық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметтері сапасын қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын іске асыру, оларды дамыту бағдарламалары бойынша болжамдық, ағымдық, мақсатты шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      2) бөлімнің әдістемелік кабинеті арқылы білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсету;

      3) бірыңғай үздіксіз білім беруді құру және дамыту;

      4) білім беру мәселелері бойынша конференциялар, кеңестер, семинарлар, конкурстар өткізу;

      5) заңнамамен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етуге;

      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға;

      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыруға;

      4) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;

      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға;

      6) қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға міндетті;

      7) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуді ұйымдастыруға;

      8) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуге;

      9) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;

      10) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыруға;

      11) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге;

      12) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы орта білім беру мектептеріне тасымалдаудың нобайы мен тәртібін жасауға және бекітуге;

      13) ақшалай қаражатты ағымдағы есеп шотына аудару арқылы қамқоршы тәрбиешінің еңбекақысын төлеуге;

      14) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      23. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ертіс ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      25. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Ертіс ауданының әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және ауданының әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;

      3) басшы бұйрықтарын шығарады;

      4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;

      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;

      6) "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;

      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;

      9) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;

      10) сенімхаттар береді;

      11) "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

      12) "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      13) "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;

      14) "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      15) "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      16) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      27. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      28. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      29. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Ертіс ауданының білім бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту

      33. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады