Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 1/52 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда № 5003 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 270/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 24.07.2020 № 270/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Лебяжі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы (V сайланған XLI (кезектен тыс) сессиясы) "Лебяжі ауданы елді мекендер аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізуге қосымша регламенттеу туралы" № 3/41 (нормативтік құқықтық актілердің мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 4367 тіркелген, 2015 жылғы 28 наурыздағы аудандық "Аққу-үні - Вести Акку" газетінің № 12 басылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Есімов
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев

  Лебяжі аудандық мәслихатының
(V шақырылған LII кезектен тыс
сессиясының) 2016 жылғы
2 наурыздағы № 1/52 шешіміне
қосымша

Лебяжі ауданы аумағында бейбiт жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібі

      1. Лебяжі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Лебяжі аудан әкімінің аппаратына өтініш беріледі.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Лебяжі аудан әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      5. Лебяжі ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4 тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Лебяжі ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.

      7. Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады.

      8. Егер, Лебяжі ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғаның міндетті түрде хабарлауы қажет.

      9. Лебяжі ауданы аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

      а) Аққу ауылы, мемориал алдындағы Хамзин көшесі;

      б) Аққу ауылы, саяси репрессияға ұшырағандар паркінің алдындағы Ташимов көшесі.

      10. Лебяжі ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

      а) мемориалдан саяси репрессияға ұшырағандар паркіне дейін, атап айтқанда Хамзин, Амангелді, Баймулдин және Ташимов көшелерімен;

      б) саяси репрессияға ұшырағандар паркінен мемориалға дейін, атап айтқанда Ташимов, Баймулдин, Амангелді, Хамзин көшелерімен.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      12. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      13. Шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың тыйым салынатын іс-шаралар:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Лебяжі ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

      7) алкогольдік және есерткілік масаңдық күйде қатысуына.

      14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өткізу орындарында алкогольді ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекурсорларын қолдануға; транспаранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видео) пайдалануға; құрамында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.

      15. Пикеттер белгіленген кезендерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.

      16. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:

      1) пикеттірілген объектіде тұру немесе отыру;

      2) көрнекті үгіт құралдарын пайдалану;

      3) пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту.

      17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Лебяжі ауданы әкімі аппаратынан рұқсат алу қажет.

      Лебяжі ауданының әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

      18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Лебяжі ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.

      19. Қорғаныс қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен) денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында бұқаралық шараларды өткiзуге тыйым салынады.

      20. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Лебяжі ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.

      21. Лебяжі ауданы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажетті шаралар қолданады.

      22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады