Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 1/52 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 270/55 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 тамызда № 6882 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 1/52 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5003 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихаттың сессия төрағасы К. Жиеналин
      Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы С. Мусинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады