Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 307/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 5338 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 1-12/139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 01.06.2017 № 1-12/139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Лебяжі ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
"28" желтоқсандағы
№ 307/12 қаулысына
1-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға
Лебяжі ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, бірлік

1.

Лебяжі аудан әкімдігінің Лебяжі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Аққу-Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

15

7%

1

  Лебяжі ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
"28" желтоқсандағы
№ 307/12 қаулысына
2-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін 2017 жылға Лебяжі ауданының
ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, бірлік

1.

Лебяжі аудан әкімдігінің Лебяжі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Аққу-Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

15

7%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады