"Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 44/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 5010 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 127/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 03.07.2017 № 127/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ысқақова

  Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "04" наурыздағы
№ 44/3 қаулысымен
бекітілді

"Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Май ауданының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Май ауданының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Айтеке би көшесі, 14.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Майского района".
      11. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күні, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      12. Мемлекет Май ауданы әкімдігі тұлғасында "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Май ауданының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
      18. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша аудан денгейінде мемлекеттік кепілдеме шараларымен қамтамасыз ету болып табылады.
      19. Негізгі міндеттері:
      1) ауданның өмір тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      2) ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті денгейін қамтамасыз ету;
      3) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
      20. Функциялары:
      1) ауданның тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      2) тұрғын үй қорын басқару саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қолданыстағы заңнамаға байланысты және Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тәртіптемеде табыстауды қамтамасыз етеді;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      5) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқарады;
      6) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;
      7) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, ауданның елді мекендер көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асырады;
      8) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;
      9) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
      10) жолаушылар мен багажды ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      11) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
      12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азмаматтарды есепке қою мен олардың кезектілігін жүргізеді;
      13) ауданның елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді;
      14) ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
      15) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
      16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды Май ауданының даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
      17) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      18) өз құзыреті шегінде ауданның мемлекеттік мекемелерінің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастырады;
      19) ауылдық округ әкімдерімен біріге энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
      20) Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарды қарастыруды қамтамасыз етеді;
      21) мемлекеттік тілді барынша дамытуға бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін нығайтады;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімдігі, аудан әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      4) "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.

3. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      23. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      25. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      7) "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      27. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      28. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым - қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
      30. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      31. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      34. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

"Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      35. "Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйым бар:
      Май ауданы әкімдігі, Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май-Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады