Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясының) 2014 жылғы 27 ақпандағы № 30/227 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 наурызда № 3734 болып тіркелген, аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 12 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаментінің Павлодар аудандық бөлімшесі.";
2-тармақ келесі мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені.";
9-тармақ келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын "13) жан басына шаққанда отбасының орташа табысы, күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын отбасылар.";
10-тармақтың 4) тармақшасы келесі мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын "9-тармағының 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін (бірінші топтағы мүгедектерге ғана) гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде және медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау анықтамасын ұсынумен 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
11-тармақтың 2) тарамақшасы келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын "осы Қағидалардың 9-тармағының 13) тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері отбасының әрбір мүшесіне (тұлғаға) жан басына шаққандағы табысы облыстарда бекітілген төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 пайызы арасындағы айырмашылық болып белгіленеді (шартты ақшалай көмек мөлшері отбасы құрамының өзгерген жағдайында, сонымен қатар, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасағандағы табысты есепке алғанда атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тоқтатылған жағдайында, көрсетілген жағдайдың болған кезінен бастап қайта есептеледі, бірақ оның тағайындау кезінен бұрын емес).";
келесі мазмұндағы 29-1-тармағымен толықтырылсын "29-1. Отбасының (тұлғаның) ШАК алу үшін уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі кеңес беру кезінде оның қызмет көрсету шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қорытындысы келісім берген кезде, азаматпен әңгіме жүргізеді, оның барысында отбасының (азаматтың) мәселелері туралы ақпаратты нақтылайды, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерін айқындайды, сондай ақ алдын ала белгілейді:
1) талапкердің ШАК алуына құқығы;
2) жұмыспен қамтуда мемлекеттік шаралардың жәрдемі.
Әңгімелесу нәтижесі бойынша "Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы рәсімделеді және өтініш берушінің отбасы және материалдық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" № 385 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген 1, 3-қосымшаларына сәйкес сауалнама толтырылады.
Өтініш беруші "Өрлеу" жобасына қатысу үшін Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Қиын өмірлік жағдайдың басталуы кезіндегі ШАК, отбасының (тұлғаның) жұмысқа қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу келісімшарттар негізіндегі тұлғаның (отбасының) белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасағанда жан басына шаққандағы айлық табысы төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын және отбасы мүшелерінің, оның ішінде жұмысқа қабілетті мүшелерінің әлеуметтік бейімделу қажеттілігі болған жағдайда көрсетіледі.
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын қолдану мерзіміне беріледі және ай сайын немесе талапкердің өтініші бойынша үш айда бір рет төленеді.
ШАК-ің біржолғы сомасы тек әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерге байланысты іс-шараларына қолданылуы тиіс, соның ішінде бұрынғы қарыздарының шығындарын төлеу, жылжымайтын мүлік алуға, сондай ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асырудан басқа жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (мал, құс сатып алуға және басқа да), жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға.";
келесі мазмұндағы 3-1 бөліммен толықтырылсын "3-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
ШАК алу құқығын белгілегеннен кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлеуге Бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шақырады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі уәкілетті органда сақталады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мониторингі шартты жасаған органмен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық кезеңінде қолдау жасайды және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сондай ақ оның тиімділігін бағалайды.";
30-тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын "5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының және әлеуметтік келісімшартының міндеттемелерін орындамау және (немесе) бұзу.";
32-тармақ келесі редакцияда жазылсын "32. ШАК берудің мониторингі және есепке алуы уәкілетті орган "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүргізеді".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ә. Әбілғазинова |
Мәслихат хатшысы | Қ. Байжанов |