Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 07 шілдедегі № 4/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 шілдеде № 5183 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 23/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 14.04.2022 № 23/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29-бабының 6-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Мүгедек баланы психологиялық-педагогикалық коррекцияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, әрбір кемтар балаға, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды бір жылға тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.

      3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      4. Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы "Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 шілдеде № 4572 болып тіркелген, аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 28 сандарында жарияланған) № 48/363 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ә. Әбілғазинова
      Мәслихат хатшысы Қ. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады