Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 48/363 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 шілдеде № 4572 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 07 шілдедегі N 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 07.07.2016 N 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 217 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру мөлшері 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемі мүгедек баланы психологиялық-педагогикалық коррекцияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленеді.
      3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ. Байжанов
      Мәслихат хатшысы Б. Оралов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады