Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі Максимовка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 сәуірде № 5091 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Максимовка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Рождественка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі Максимовка ауылының келесі көшелерінің атаулары:
      "Гончаров" көшесі "Қайырбек Жүсіпов" көшесіне;
      "Степная" көшесі "Сахан Аштаев" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рождественка ауылдық
      округінің әкімі О. Копенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады