Успен ауданы Богатырь ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Богатырь ауылы әкімінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 сәуірде № 5086 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Успен ауданының Богатырь ауылының көшелерінің атаулары:
      "Степан Разин" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
      "Пугачев" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Богатырь ауылының әкімі А. Жұматанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады