2016 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 261/72 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 сәуірде № 5046 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18–бабының 8–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы жетпіс айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш сомасынан жоғары емес бюджеттік кредит берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады