Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінде, 2014 жылғы 27 ақпандағы ауданның "Трибуна" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7–тармақта 9) тармақшасында он бірінші абзацында "күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан" сандары мен сөздері "төменгі күнкөріс деңгейі белгіленген мөлшері" сөздерімен алмастырылсын;
2) тармақшасында:
сегізінші абзац алып тасталсын;
он екінші абзацтағы "туберкулездік" сөзі "туберкулезге қарсы" сөзімен алмастырылсын;
он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар алып тасталсын;
4) тармақшасында алтыншы абзацындағы "туберкулездік" сөзі "туберкулезге қарсы" сөзімен алмастырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Ибрагимова |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Шпехт |