Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округі Маралды станциясының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 сәуірде № 5083 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескеріп, 2015 жылғы 11 маусымдағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округінің Маралды станциясындағы "Казарма", "Мир" көшелері "Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі С. Исағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады