Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 ақпанда № 4920 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық әкімінің 2016 жылғы 04 мамырдағы № 2 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық әкімінің 04.05.2016 № 2 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн–өзi басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, Шарбақты ауданының мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 2-19/77 ұсынымы негізінде, жануарлардың құтырық ауруларының алдын алу және жою мақсатында Шарбақты ауданының Шарбақты ауыл әкімі ШЕШТI:
      1. Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында ірі қара малдың құтырықпен ауруы пайда болуына байланысты, Ленин көшесінің Орджоникидзе көшесімен қиылысына дейін солтүстік жағынан, 9 Май көшесіне дейін оңтүстік жағынан, Вокзальный көшесінен 1 Май көшесімен қиылысына дейін батыс жағынан және Садовый көшесіне дейін шығыс жағынан шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекция" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар өткізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шарбақты ауылының әкімі Қ. Мүскенов
      Келісілді:
      "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Дәулетбаев
      2016 жылғы 22 қаңтар
      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігінің ветеринарлық бақылау
      және қадағалау комитетінің
      Шарбақты аудандық аумақтық инспекция басшысы Г. Фисенко
      2016 жылғы 22 қаңтар
      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
      министрлігінің Шарбақты ауданының
      тұтынушылардың құқығын қорғау
      жөніндегі басқармасының басшысы М. Айғазинов
      2016 жылғы 22 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады