V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIII сессиясының "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 404 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 1253 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, және халықтың едәуір осал топтарын қорғау мақсатында, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIII сессиясының "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1206 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілсін:
      1)Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға;
      2) 75 жастан асқан зейнеткерлерге;
      3) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға.".
      2 тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) көп балалы аналарға (18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар).".
      3 тармақтағы "картасы" сөзінен кейін "ұзақ пайдаланылатын карталары" сөздерімен толықтырылсын.
      көрсетілген шешімге қосымша, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      4 тармақтағы "маршруттарға" сөзінен кейін "және жеңілдік берілген жолаушылар санаттарын тасымалдау" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналды меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      L сессиясының төрағасы Б. Садықов
      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      Хатшысы Қ. Қазанбаев

  V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының L
сессиясының 2016 жылғы
27 қаңтардағы № 404
шешіміне қосымша
  V cайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLIII
Сессиясының 2015 жылғы
15 қыркүйектегі № 367
шешіміне қосымша

Алматы қаласының қалалық қоғамдық көлігінде
(таксиден басқа) жүруге арналған жеңілдік
берілетін электрондық жолжүру карталары мен
ұзақ мерзім пайдаланылатын карталар

      1. Тегін жүруге арналған (Ұлы Отан Соғысы қатысушысының, мүгедегінің және оларға теңестiрiлген адамның, 75 жастан асқан зейнеткердің, бірінші және екінші топтағы мүгедектің, он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек баланың) электронды жол жүру картасы.
      2. Жол ақының 50 % төленетін жеңілдетілген электронды (көпбалалы аналардың, жалпы білім беретін мектептердегі 15 жастан асқан оқушының, жасына байланысты зейнеткердің, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында оқитын білім алушының, күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орны студентінің) жол жүру картасы.
      3. Ұзақ пайдаланылатын жеңілдетілген (білім беретін мектептердегі 15 жастан асқан оқушының, жасына байланысты зейнеткердің, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында оқитын білім алушының, күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орны студентінің) жол жүру картасы.
      Жеңілдетілген және жеңілдетілмеген электронды жол жүру карталары құнының арасындағы айырма, тасымалдаушыларға жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаражат шегінде өтеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады