"Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2/117 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 1279 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 2/266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 10.06.2016 № 2/266 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚAО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Aлматы қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Aлматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
      3. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Aлматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Aлматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Aлматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2/117 қаулысына
1 қосымша

"Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жолаушылар тасымалы және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру саласындағы басшылық етуді, оның ішінде метрополитенді пайдалану, Aлматы қаласының қоғамдық көлік қызметтеріне қажеттіліктерін қолданыстағы заңнама шеңберінде толық және сапалы қанағаттандыру мақсатында жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Aлматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Aлматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, мәслихат сессияларынаң шешімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сандай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Aлматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
      9. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - коммунальное государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта города Aлматы".
      10. Осы Ереже "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып таблады.
      11. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Aвтомобиль көлігі туралы", 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" Заңдарына сәйкес "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: автомобиль көлігімен, электркөлігімен, таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру, және іске асыру, Aлматы қаласындағы метрополитеннің жұмыс істеп тұрған желілерін пайдалану, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып белгіленген.
      14. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері: 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Aвтомобиль көлігі туралы", 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" Заңдарымен белгіленген:
      1) қалалық және қала маңы тұрақты жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;
      2) қалалық және қала маңына тұрақты жолаушылар мен багажды тасымалдаудың бағыттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;
      3) жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;
      4) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;
      5) автовокзалдар мен автостанциялардың тізілімен жүргізу;
      6) қалалық және қала маңы тұрақты, жолаушылар мен багажды тасымалдау бағыттарының тізілімін жүргізу;
      7) алыс елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың сызбалары мен тәртібін әзірлеу;
      8) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасын және жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі жобаларды әзірлеу;
      9) қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды әлеуметтік манызды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
      10) метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылартасымалдау кезінде тасымалдаушылардың шығындары субсидиялауды жүзеге асыру;
      11) тұтынушылардың мүдделерін қорғау, жолаушылар көлігін пайдаланатын азаматтардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында жолаушылар көлігінің жұмысымен байланысты қызметтер нарығының қалыпты жұмысы үшін жағдайлар жасау;
      12) заңнамамен белгіленген тәртіпте жолаушылар көлігінің қызметін мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыру;
      13) ғылыми - зерттеу, ғылыми - техникалық және жобалау жұмыстарына қатысу, жолаушылар көлігі саласының кадрларын оқыту, даярлау және біліктілігін көтеру;
      14) "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру;
      15) "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретінің шеңберінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы жұмыстарды орындау;
      16) "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретінде кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      17) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді және жергілікті бағдарламаларын іске асыруға қатысу үшін қаржыландыру көздерін және инвесторларды іздестіру;
      18) шарттық міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      19) жолаушылар көлігі саласында қаланы дамытудың бас жоспарын әзірлеуге қатысу;
      20) "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің саласына енетін бағдарламалар бойынша жұмыстарды қаржыландыруға бюджет қаражаттарының қажеттілігін анықтау;
      21) "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктерінің шегінде көлік инфрақұрылымы нысандарын пайдалануға қабылдау және одан әрі коммуналдық меншікке беру жұмыстарына қатысу;
      22) өз құзыретінің шегінде жолаушылар көлігін дамытудың және оның қызмет етуінің, қоғамдық көлік инфрақұрылымы нысандарының маңызды түйткілді мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
      23) жабдықтарды және жол қозғалысын реттеу құралдарын техникалық күтіп-ұстауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      24) жол белгілерін орнату, жол бөліктерінің желілерін айқындау, жаяу жүргіншілер өтетін жерлерді жайластыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде, "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктерінің шегінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу;
      26) мониторинг жүргізу, автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесін пайдалану бойынша жұмыстарды басқару мен үйлестіру;
      27) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      28) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау.
      15. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес белгіленген:
      өкілеттіктері шегінде құрылыс, жөндеу, техникалык және авторлық қадағалауды, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді, қызмет көрсетуді, жолаушылар көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асырушы мердігер ұйымдар мен кәсіпорындардың шарттық міндеттемелерінің орындалу барысының жұмысын үйлестіру;
      жол қозғалысының автоматтандырылған басқару жүйесінің нысандарын дамыту, қамтамасыз ету, құрылысын жүргізу, қайта жаңғырту бойынша жолаушылар тасымалын, оның ішінде төтенше жағдайлар туындаған кезде ұйымдастыру бойынша шараларды іске асыру;
      өзінің құзыреті шегінде жолаушылар көлігі қызметіне байланысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына талдау жасауды ұыймдастыруға қатысу;
      бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
      тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы жөнінде хабарламалар ұсынған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу және хабарламаларды қабылдау;
      жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы жөнінде хабарламалар ұсынған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу және хабарламаларды қабылдау;
      халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
      16. Жүктелген міндеттеріне сәйкес және өз құзыретінің шегінде "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
      Aлматы қаласының барлық мемлекеттік органдары мен өзге де мемлекеттік органдарынан ақпарат алуға;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келісімдер жасауға және келіссөздер жүргізуге;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Aлматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізуге;
      Aлматы қаласы Жолаушылар көлігін дамытуға мемлекет тарапынан жағдай жасауға арналған шараларды жүзеге асыру үшін арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын немесе басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық танытуға;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражат есебінен ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сонымен бірге жеке мамандарды тартуға;
      Қазақстан Республикасының Aзаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгінуге;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы басшылық етеді.
      18. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Aлматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Бірінші басшының өкілеттіктері:
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапты болады;
      шарттар жасасады;
      сенімхаттар береді;
      шоттар ашады;
      заңнамамен белгіленген тәртіпте "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді:
      мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер шегін айқындайды;
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
      заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді атқарады.
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орнында болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

4. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
      "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз қалауынша иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және тарату

      23. "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Aлматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2/117 қаулысына 2 қосымша

Aлматы қаласыәкімдігініңкүшіжойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Aлматы қаласы әкімдігінің "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2012 жылғы 23 тамыздағы № 3/738 қаулысы.
      2. Aлматы қаласы әкімідігінің "Aлматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 3/738 "Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 19 тамыздағы № 3/719 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады