"Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережені бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 2/266 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қоса берілген Ережесі бекітілсін.
      2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
      3. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/661 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1244 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 каңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
      2) "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2/117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1279 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 2/266 қаулысымен
бекітілді

"Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында жолаушылар тасымалы және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру саласындағы басшылық етуді, оның ішінде метрополитенді пайдалану, жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыруды, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
      7. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
      9. Толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
пайымы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Aвтомобиль көлігі туралы", 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" заңдарына сәйкес белгіленеді - Алматы қаласының аумағында автомобиль көлігімен, электркөлігімен, таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру және іске асыру, Aлматы қаласындағы метрополитеннің жұмыс істеп тұрған желілерін пайдалану, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Алматы қаласының аумағындағы автомобиль жолдары және инфрақұрылым құру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
      14. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Aвтомобиль көлігі туралы" заңдарына сәйкес белгіленген:
      1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) автомобиль және өзге де көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Aвтомобиль көлігі туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" заңдарына сәйкес белгіленген:
      1) ғылыми - зерттеу, ғылыми - техникалық және жобалау жұмыстарына қатысу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларының кадрларын оқыту, даярлау және біліктілігін көтеру;
      2) Басқарма қызметкерлерінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру;
      3) Басқарма құзыретінің шеңберінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы жұмыстарды орындау;
      4) Басқарманың құзыретінде кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      5) жолаушылар көлігін және автомобиль жолдарын дамытудың кешенді және жергілікті бағдарламаларын іске асыруға қатысу үшін қаржыландыру көздерін және инвесторларды іздестіру;
      6) шарттық міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      7) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында қаланы дамытудың бас жоспарын әзірлеуге қатысу;
      8) Басқарма өкілеттіктерінің шегінде көлік инфрақұрылымы нысандарын пайдалануға қабылдау және одан әрі коммуналдық меншікке беру жұмыстарына қатысу;
      9) қолданыстағы заңнама негізінде, Басқарма өкілеттіктерінің шегінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу;
      10) бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
      11) Алматы қаласының автомобиль жолдарын және көшелерін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
      12) Алматы қаласының автомобиль жолдарын және көшелерін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      13) автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
      14) көшелерді ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
      15) Алматы қаласының ақылы көшелерін (учаскелерін) пайдалану ережелерін әзірлеу және бекіту;
      16) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
      17) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы тасымалдаулардың маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
      18) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулардың маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;
      19) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастыру;
      20) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
      21) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
      22) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын әзiрлеу;
      23) жолаушыларды қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
      24) Алматы қаласының аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      25) Алматы қаласының жолдарында және көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу, енгiзу жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;
      26) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      27) қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөлімінің болуын қамтамасыз ету;
      28) қаланың жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу және жол жүрісін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету арқылы елді мекендерге көліктік жүктемені азайту жөнінде шаралар қолдану;
      29) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау;
      30) өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру;
      31) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
      32) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі мәселелерді қарауға қатысу;
      33) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
      16. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;
      2) келіссөз жүргізуге және шарт жасасуға;
      3) Aлматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;
      4) белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің жобаларын енгізуге;
      5) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамытуға мемлекет тарапынан жағдай жасауға арналған шараларды жүзеге асыру үшін арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын немесе басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық танытуға;
      6) конференциялар, семинарлар, оқудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және автомобиль жолдары мен жол инфрақұрылымының қызметкерлерімен тәжірибе алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде белгіленген тәртіпте сотқа талап арыз беруге;
      8) оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
      1) "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) банк шоттарын ашады;
      6) "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      8) "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      9) "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      10) "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
      12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады