1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 900 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда № 93 "Алматы ақшамы" газетінде және 2011 жылғы 18 тамызда № 102 "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістерімен, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХXІ сессиясының ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 257 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1088 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қазанда № 127 "Алматы ақшамы" газетінде, № 128 "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережесіндегі:
"Атақ беру тәртібі" деген 2 тараудағы:
6 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Атақ беру жылына бір рет және Қала күніне арналып беріледі. Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу жылын қоспағанда, Атақ жылына кемінде үш адамға берілуі мүмкін.";
16 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"16. Алматы қаласы мәслихатының Атақ беру туралы шешімі негізінде, осы Ереженің қосымшасына сәйкес құрметті азаматтарға "Алматы қаласының Құрметті азаматы" медалі, "Алматы қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісі, Атақ беру туралы диплом және куәлік тапсырылады.";
18 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"18. "Алматы қаласының Құрметті азаматы" медалін, "Алматы қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісін, Атақ беру туралы дипломды және куәлікті тапсыруды салтанатты жағдайда Алматы қаласының әкімі және Алматы қаласы мәслихатының хатшысы жүргізеді.";
20 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"20. Атақ беру мәселелері жөніндегі құжаттаманы және оның есебін жүргізуді, Алматы қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен медальдарды және төсбелгілерді, дипломдарды және куәліктерді дайындауды, Алматы қаласының Құрмет Кітабын ресімдеуді және оны күтіп-ұстауды тиісінше Алматы қаласы мәслихатының аппараты жүзеге асырады.".
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х.Ә. Есеноваға және Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Ә. Сембековке жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған | |
Алматы қаласы мәслихатының | |
VІІІ сессиясының төрағасы | М. Әділханов |
VІ сайланған | |
Алматы қаласы мәслихатының | |
хатшысы | Қ. Қазанбаев |
"Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесіне қосымша |
"Алматы қаласының Құрметті азаматы" медалінің, "Алматы қаласының
Құрметті азаматы" төсбелгісінің, дипломның, куәліктің сипаттамасы
1. "Алматы қаласының Құрметті азаматы" медалінің пішіні."Алматы қаласының Құрметті азаматы" медалі металл бұйымнан жасалған медальдан және оның бекіткішінен, сондай-ақ медальдің лентасынан тұрады.
Медаль диаметрі 80 мм жеті ұшы бар жұлдыз түріндегі ақ түсті металдан (күміс СрМ 925) жасалған, оның үстіне бұрыштарында дөңгеленген сегізұшты фигуралы пішіндері бар диаметрі 71 мм сары түсті металдан (алтын жалатылаған күміс СрМ 925) әзірленген жетіұшты қосалқы қаптама жапсырылған. Әрбір жетіұшты қаптамаға диаметрі 3,5 мм болатын 7 дана фианит бекітілген.
Орталық бөлігінде қызыл, көк, ақ және көгілдір түсті дөңгелек эмальді медальон орналасқан. Медальонның жиектеріне қазақтың ұлттық ою-өрнектері салынған. Медальонның ортасында IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясының 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 277 шешімімен бекітілген Алматы қаласының елтаңбасын пайдалану Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес алтынмен өрнектеліп орындалған Алматы қаласы елтаңбасының бейнесі орналасқан.
Қызыл фонда шеңбер бойымен алтын түспен қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген және мемлекеттік тілде "АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" жазуы жазылған.
Медаль көгілдір түсті лентаға алтын ою-өрнегі бар қапсырмамен (34 мм) бекітілген.
2. "Алматы қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісінің пішіні.
"Алматы қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісі диаметрі 20 мм жеті ұшы бар жұлдыз түріндегі ақ түсті металдан (күміс СрМ 925) жасалған, оның үстіне бұрыштарында дөңгелек жетіұшты фигуралы пішінді ақ эмальді түсті металдан жасалған жетіұшты қосалқы қаптама жапсырылған.
Орталық бөлігінде қызыл эмальдан жасалған дөңгелек эмаль медальон орналастырылған. Медальонның жиектерінде қазақтық ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Медальонның орта тұсында Алматы қаласының елтаңбасын пайдалану Ережесіне сәйкес Алматы қаласының елтаңбасы ақпен өрнектеліп орналастырылған.
3. Дипломның түрі.
Диплом қою-көк түсті папкадан тұрады, ашылған күйіндегі өлшемі 31х44,5 см, алғашқы бетінде Алматы қаласының елтаңбасы бейнеленген.
Дипломның алғашқы бетінде елтаңбаның төменгі жағында алтынмен жалатылып орындалған мемлекеттік тілде "АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" жазуы орналасқан.
Қосымшасы шеттерінде алтын жалатқан өрнек салынған А4 форматындағы сарғыш түсті тығыз мықты қағазда баспаханалық әдіспен дайындалады.
Қосымшасының сол жағындағы орта тұсында "Алматы қаласының құрметті азаматы" медалі түрлі-түсті етіп бейнеленген.
Қосымшасының оң жағындағы жоғары бөлігінде Алматы қаласы елтаңбасының кіші түрлі-түсті бейнесі бар.
Орталық бөлігінде мемлекеттік тілде тегі, есімі, әкесінің есімі, негіздемесі, "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы қала мәслихатының шешімінің қабылданған нөмірі және датасы, оның төменгі жағына Алматы қаласы әкімінің және Алматы қаласы мәслихатының хатшысының қолы қойылады және "Алматы және берілген жылы" деген жазулар орналастырылған. Сол жағындағы төменгі бөлігінің оң жағында Алматы қаласының елтаңбасы қиып орналастырылып, бейнеленген.
4. Куәліктің түрі.
Куәлік қою-көк түсті қатты мұқабадан дайындалады, ашылған күйіндегі өлшемі 6,5х20,5 см, куәліктің алғашқы бетінде Алматы қаласының елтаңбасын пайдалану Ережесіне сәйкес Алматы қаласының елтаңбасы бейнеленген, қазақ тілінде "АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" жазуы баспаханалық шрифтімен жазылған.
Сарғыш түсті куәліктің ішкі жағында, оң және сол жағында қазақ және орыс тілдеріндегі "Алматы қаласының құрметті азаматы", "Почетный гражданин города Алматы" деген мәтін бар, куәліктің нөмірі, тегі, есімі, әкесінің есімі көрсетіледі.
Медальдің бейнесі оң ішкі жағында орналасқан, оның төменгі жағында Алматы қаласы әкімінің және Алматы қаласы әкімі мәслихаты хатшысының қолы қойылады.
Куәліктің сол ішкі жағында өлшемі 3х4 сантиметр түрлі-түсті сурет жапсырылады. Суреттің төменгі жағында қалалық мәслихат шешімінің негіздемесі, нөмірі және датасы көрсетіледі.