Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 07.03.2019 № 48 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 152 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12437 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның бұйрығымен ресімделетін субсидиялар төлеу туралы шешім.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидияларды аударуға өтінімдерді ұсынуы болып табылады.
Дайындаушы ұйымдардың өтінімдерін көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін қабылдайды.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 16-1-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі мәліметтерді және стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына (әкімдік) тоқсаннан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынып отырады.
Қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, көшірмесіне кеңседе тіркелгендігі туралы белгі қою өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды және тіркейді, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және өтінімді құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады – 2 (екі) сағат;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы келіп түскен өтінімді зерделейді және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 1 (бір) сағат;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған өтінімнің дұрыс ресімделуін тексереді, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кіріс органдарын (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органдары) өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді – 2 (екі) жұмыс күні;
5) мемлекеттік кіріс органдары осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтер) ұсынады – көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтінімде көрсетілген мәліметтермен және мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен дайындаушы ұйыммен ұсынылған осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі мәліметтермен және осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтермен салыстыру жүргізеді – 2 (екі) жұмыс күні.
Салыстыру нәтижелері бойынша мәліметтер сәйкес келген жағдайда субсидиялар төлеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрығының жобасын не мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының атына жібере отырып, субсидиялар төлеуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрығының жобасын дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесі басшысына келісу үшін тапсырады – 1 (бір) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қарайды, келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсырады – 2 (екі) сағат;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тапсырады – 2 (екі) сағат;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
7. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;
4) мемлекеттік кіріс органдарына жіберілген хабарлама;
5) мемлекеттік кіріс органдарымен ұсынылған мәліметтер;
6) салыстыру актісі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындау, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын тапсыру;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын келісу және тапсыру;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тапсыру;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
5) мемлекеттік кірістер органдары.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды және тіркейді, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және өтінімді құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады – 2 (екі) сағат;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы келіп түскен өтінімді зерделейді және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 1 (бір) сағат;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған өтінімнің дұрыс ресімделуін тексереді, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кіріс органдарын (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органдары) өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді – 2 (екі) жұмыс күні;
5) мемлекеттік кіріс органдары осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтер) ұсынады – көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтінімде көрсетілген мәліметтермен және мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен дайындаушы ұйыммен ұсынылған осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі мәліметтермен және осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтермен салыстыру жүргізеді – 2 (екі) жұмыс күні.
Салыстыру нәтижелері бойынша мәліметтер сәйкес келген жағдайда, субсидиялар төлеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрығының жобасын не мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының атына жібере отырып, субсидиялар төлеуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрығының жобасын дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісу үшін тапсырады – 1 (бір) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қарайды, келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсырады – 2 (екі) сағат;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тапсырады – 2 (екі) сағат;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылдар рәсімдерінің (іс-қимылдарының) сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті беруші
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.01.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Облыстың жергілікті атқарушы органы | Заңды мекенжайы | Жұмыс кестесі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Парк көшесі, 57В | Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
Нысан
_______ жыл үшін дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кіріс органының атауы)
теңге
Р/с | Дайындаушы ұйымның атауы | Бизнес-сәйкестендірілген нөмір | Жылдық жиынтық табыс сомасы | Декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығы сомасы | Декларациялар бойынша есептелген шекте төленген қосылған құн салығы сомасы |
Басшы (Тегі, аты, әкесінің аты)
(қолы)
мөр орны
Нысан
20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі мәліметтер
_______________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
р/с № | Жеткізуші атауы | Өнімнің атауы | Саны (көлемі) | Бағасы (теңге) | Сомасы (теңге) | Қосылған құн салығы сомасы (теңге) |
Жиыны |
Дайындаушы ұйым басшысының
Тегі, аты, әкесінің аты және қолы
__________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Тегі, аты, әкесінің аты және қолы
___________________________________________________
Нысан
20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтер
_______________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
_______________________________________________________________
р/с № | Өнімді алушының атауы | Өнімнің атауы | Саны (көлемі) | Өткізу бағасы (теңге) | Сомасы (теңге) |
Қосылған |
Жиыны |
Дайындаушы ұйым басшысының
Тегі, аты, әкесінің аты және қолы
__________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Тегі, аты, әкесінің аты және қолы
____________________________________________________
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: