Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2017 жылға арналған жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы N 7/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда N 3959 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 487-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысының 2017 жылға арналған жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
VІІ сессиясының төрағасы
Ғ. Бөстекова
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы №7/5 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2017 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр)
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
(теңге /1000 текше метр)
Ауыл шаруашылығы
(теңге/1000 текше метр)
 
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
(теңге/1000 текше метр)
Су энергетика.
(теңге /1000
киловат/сағат)
Су көлігі
(теңге /1000 тонна/ километр)
Есіл өзенінің бассейні
118,0
326,92
92,85
92,85
32,89
9,67

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады