"Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі N 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 тамызда N 3885 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 12.04.2017 № 4 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
О. Завьялов
      Петропавл қалалық
мәслихат хатшысы
А. Бердағұлов

  Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5 шешімімен бекітілген

"Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесін бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесі туралы (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы ол өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан болса, өкілетті болып есептеледі.
      Бағалау жөніндегі комиссияның орнында болмаған төрағасын не мүшесін алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру нәтижелері Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып мәслихат аппаратының испекторы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын жасау

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
      11. "Б" корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
      12. "Б" корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерден (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.
      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.
       Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.
       3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
       13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.
       Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15.Лауазымдық міндеттерін орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18 Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындаушылық тәртібін бұзуға:
      1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібін бұзуға:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп бойынша уәкілдң құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
      22. Орындаушылық және еңбек тәртібін әрбір бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі және әдеп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы ондағы мәліметтердің шынайылығы мәнісіне бағалау парағын қарастырып, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
       "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) тікелей басшыны;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
      3) ал бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізбесін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара іс-қимылы тұрғысынан Маңғыстау облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімімен, облыстық атқарушы органның кадр қызметімен бағалау жүргізуден бұрын бір айдан кешіктірмей анықталады.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      33. Персоналды басқару қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

      ,

      - тоқсандық баға;
      a – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шкала бойынша қойылады: 
      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз"
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық"
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді"
      130 баллдан астам – "өте жақсы"
      37. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      
       - жылдық баға;
      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 37-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
       - жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
      – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
      38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық;
      4 баллдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      41. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің қызметкері еркін түрде акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік мекеме екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      46."Б" корпусының қызметшісі бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқылы.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49."Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілігін арттыру курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесін бекіту туралы 1 қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________ жыл
      (жеке жоспар жасалатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_________________
__________________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:_____________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________________________
__________________________________________________________________

№ р/с

Шаралардың атауы*

Іс-шараның нәтижесі

1

Іс-шара


2

Іс-шара


3

Іс-шара


4


       Ескертпе:
       *- шаралар мемлекеттік мекеменің стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік мекемеге сәйкес келуге тиіс.

Қызметші 
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________
күні ______________________________
қолы ______________________________

Тікелей басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________
күні ___________________________________
қолы __________________________________

      

  "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесін бекіту туралы 2 қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)

       Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):__ 
____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________ 
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________ 
____________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін 
бұзу фактілері туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін 
бұзу фактілері туралы мәліметтер

1








2








3








 

Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:


      

Қызметші 
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
күні ___________________________
қолы __________________________

Тікелей басшы 
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________________________
күні ___________________________________
қолы _________________________________

  "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесін бекіту туралы 3 қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)

       Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):__ 
____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________ 
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________ 
____________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Атауы

Мәні

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




2

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




3

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




4





      

Қызметші 
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
күні ______________________________
қолы ______________________________

Тікелей басшы 
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________
күні ___________________________________
қолы __________________________________

      

  "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесін бекіту туралы 4 қосымша

      Нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері

      __________________________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):__ 
____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________ 
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________ 
____________________________________________________________

№ р/с

Құзыретінің атауы

Мәні

Баға (балл)

Тікелей басшы

1.

Бастамашылығы

2-ден 5 ке дейін


2.

Қарым-қатынасқа қабілеті

2-ден 5 ке дейін


3.

Қызметтік әдепті сақтауы

2-ден 5 ке дейін


 

ЖИЫНЫ:


Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5 ке дейін


2.

Жұмысқа себептей білуі

2-ден 5 ке дейін


3.

Қызметтік әдепті сақтауы

2-ден 5 ке дейін


 

ЖИЫНЫ:



Әріптесі

1.

Командада жұмыс істей білуі

2-ден 5 ке дейін


2.

Қызметтік әдепті сақтауы

2-ден 5 ке дейін


 

ЖИЫНЫ:



      

  "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайындық бағалау әдістемесін бекіту туралы 5 қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ______________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)
_______________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

       Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі (болған жағдайда)

Комиссияның ұсынымдары

1.





2.





...





       Комиссия қорытындысы: __________________________________________________________________
       Тексерген:
Комиссия хатшысы:_______________________________ Күні: ________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________________ Күні: ________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі:__________________________________ Күні: ________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады