Петропавл қаласында 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 1682 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 қыркүйекте N 3889 болып тіркелді

      "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 тіркелген) Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы Петропавл қаласы бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Н. Смаиловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 2 қыркүйекте туындаған қатынастарға таралады.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыз № 1682 қаулысына қосымша

2016 жылы Петропал қаласы бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдері


р/р
Дақылдардың атауы
Өтінім беру мерзімдері
1
Картоп
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
2
Қырыққабат (көшет)
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
3
Сәбіз (тұқым)
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
4
Қызылша
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
5
Қияр, екінші дақыл алмасуы
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 05 желтоқсанға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады