Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 253 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қазанда № 3902 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 28.11.2016 № 303 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) № 120 сайлау учаскесі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1 қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
      2. № 120 сайлау учаскесі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға Аққайың ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлар ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 05 қазаннан пайда болған қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Д. Байтөлешов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудандық
сайлау комиссияның
төрайымы
2016 жылғы 13 қыркүйек
О. Плищенко

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 253 қаулысына 1 қосымша

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы
Орналастыру орындары
Смирнов ауылдық округі
Смирново ауылы
"Паллада" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

      

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі №253 қаулысына 2 қосымша

Аққайың ауданының аумағында сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар

Елді мекен атауы
Орналастыру орындары
Смирново ауылдық округі
Смирново ауылы
"Смирнов № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады