"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 110 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 252 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қазанда № 3903 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2776 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда №23 аудандық "Колос" газетіне, 2014 жылғы 22 мамырда № 23 аудандық "Аққайың" газетіне жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулы қосымшасының 20-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "20. Смирново ауылында – Народная көшесі, 42 (Народная көшесі, 40 мекенжайында орналасқан дүкеннің жанында)".
      2. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Байтөлешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады