Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі N 153 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда N 3773 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 08.04.2019 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 26 қаңтардан бастап шыққан құқықтық қатынастарға ғана таралады.

      Аудан әкімі А. Тастеміров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихаттың хатшысы
2016 жылғы 29 сәуір
Б.Жанахметов

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуір №153 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының Тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың, аудандық емхананың, аудандық диспансердің басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысының орынбасары;

      3) клиникалық жедел медициналық жәрдем бөлімшелердің, күндізгі стационардың, емхананың, сәулелі диагностика, функционалдық диагностика бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының физиотерапия және емдік денешынықтыру, стоматология кабинетінің немесе бөлімшесінің және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханаларының) басшысы;

      5) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) психолог маманы - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты мамандар;

      7) мейірбике (мейіргер) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) провизор (фармацевт) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) статистик - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар,

      10) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы) - бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары, бірінші және екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      4) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

      3. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымнан, әдістемелік кабинетінен (орталығынан), психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінен басқа);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы: шағын жиынтықты мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (шағын жиынтықты мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары: шағын жиынтықты мектептің;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары: мектепке дейінгі ұйымның;

      6) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      7) интернаттың басшысы (меңгерушісі);

      8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны секторының басшысы;

      9) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      10) әлеуметтік педагог - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) педагог-психолог - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) логопед - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) тәрбиелеуші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      14) тәрбиелеушінің көмекшісі;

      15) тәлімгер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      16) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      17) дене шынықтыру инструкторы (мектепке дейінгі ұйымдардың) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      18) әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;

      19) әдіскер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      20) Мейірбике (мейіргер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      21) емдәмдік мейірбике - біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      22) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;

      23) зертханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      24) хореограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар.

      4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

      3) кітапхананың басшысы;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны секторының, бөлімінің басшысы;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі;

      6) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) библиограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) оператор;

      10) мәдени ұйымдастырушы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) хореограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      14) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      15) редактор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

      5. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

      3) әдіскер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      4) жаттықтырушы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) жаттықтырушы-оқытушы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      6) мейірбике/мейіргер (мамандандырылған) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

      6. Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:

      1) ветеринар дәрігер - біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады