Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй алу немесе салу үшін 2016 жылы көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы"

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 қаңтардағы N 40-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 ақпанда N 3597 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Солтустік Қазақстан облысы Ақжар аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2016 жылға берілсін:
       1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
       2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
       2. Осы шешімнің 1 тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
       3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ. Баетов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
М. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады