"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-26 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қарашадағы № 6-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қарашада N 3937 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2- тармағы 4) тармақшасына, 50-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-26 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 2689 тіркелген және 2014 жылғы 9 мамырда "Есіл Өңірі" № 19 газетінде және 2014 жылғы 9 мамырда "Новости Приишимья" № 19 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
VI сессиясының төрағасы
Ю. Боровских
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының хатшысы
Е. Әділбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады