Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы N 54 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда N 3980 болып тіркелді
1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз