Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында 2017 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын есепке алу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 20 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда N 3950 болып тіркелді
1. 2017 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын есепке алу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары М. М. Жұмабаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз