Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында 2017 жылғы қаңтар – наурыз аралығында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда N 3984 болып тіркелді
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақырту учаскесіне 2017 жылғы қаңтар - наурыз аралығында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Ш. Рамазановаға жүктелсін.
3. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз