"Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 52/14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 наурызда N 3674 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы N 5/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 27.06.2016 N 5/7 шешімімен (мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне ("Солтүстік жұлдызы" және "Знамя труда" газетінде 2014 жылдың 14 ақпаны жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2546 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
      Қағиданың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет, 2 жылда бір реттен артық емес) көрсетіледі.";
      Қағиданың 8-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) табысты есептемегенде тоқсан сайын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендердің, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендердің, 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балалар мен 1, 2-ші топтағы мүгедектерге еріп жүруші азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жөнелту стансасынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері қарай теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таратылады.
      Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы-
мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
С. Шәріпов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2016 жылғы 18 наурыз
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады